АНОНС НОВОСТИ

 

 

Итоги игр 2014-2015

 Қостанай облысы оқушыларының 2014-2015 оқу жылындағы зияткерлік қызметінің сараптамасы 

     Соңғы жылдарда біздің мәдениетімізде «Зияткерлік ойындар» атты толығымен дербес көрініс қалыптасты. Ол білім, ғылым, шығармашылық ең басты құндылық деп есептелінетін дарынды, білімді балалардың ашылуына мүмкіндік береді. Сонымен қоса бұл ойын-байқаулар пәндік олимпиада, ғылыми жарыстар, әр түрлі факультативтермен салыстырғанда зияткерлік қызметті қызықты көрініске, еліктіргіш сайсықа айналдыруға септігін тигізеді. Сол себептен де болар зияткерлік ойындарға әр түрлі жастағы оқушылармен қоса, студенттер, тіпті ересек адамдар да қызығушылықпен қарайды.  
     Ойындар тұлғаның қалыптасуындағы басты әдістердің бірі болып табылады. Пән әлемін және адам қатынастары әлемін игеруіне белсенді қатысуы балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді.  
Зияткерлік ойындар, конкурстар балалардың бос уақытын қызықты өткізуге, ақыл-ой, қиялдану қабілеттерін, сөздік қорын дамытуға, еске сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының («Дарын РҒПО) жұмыс жоспарына сәйкес әр оқу жылы сайын бір қатар халықаралық, республикалық зияткерлік ойындар, конкурстар өткізіледі. 2014-2015 оқу жылы бойында келесі ойындар мен конкурстар өткізілді: «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафоны, «Русский медвежонок - тіл білімі бәріне» халықаралық интеллектуалдық конкурсы, «Золотое руно» халықаралық интеллектуалдық ойын-конкурсы, «British Bulldog» халықаралық конкурсы және «Кенгуру-математика бәріне» халықаралық интеллектуалдық конкурсы, «Кенгуру-лингвист» республикалық конкурсы және «Адам және табиғат» атты халықаралық ойын-конкурсы.  
      Сонымен қатар ағымдағы оқу жылында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы тарапынан «Атамекен» атты облыстық зияткерлік-танымдық ойыны үшінші рет ұйымдастырылды.  
     2014 жылғы 30 қазанда 3-10 сыныптар оқушылары арасында «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафоны келесі пәндер бойынша өтті: 
3-4 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, жаратылыстану;
5-8 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, биология;
9-10 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, физика, химия.
     Марафонға Қостанай облысының 314 жалпы білім мектептерінен 8 546 (2013 ж. - 9 228, 2012 ж. – 8 508) оқушылар қатысты.  Марафонға Жангелдин ауданы және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ. 
      Жыл сайын «Ақ бота» зияткерлік марафонына оқушылар белсенді қатысады, себебі бұл ойын оқу жылының басында ойын сайыстарын бірінші болып ашады.  Биыл қатысушылар саны 2013 оқу жылының көрсеткіштерімен салыстырғанда 682 адамға кеміді, дегенмен 2012 жылғы деңгейінде қалды. Қатысу нәтижелілігі ағымдағы жылы 9,6 % құрды – 824 жүлдегер (2013 ж. - 11,1 % – 1024 жүлдегер; 2012 ж. - 1018 жүлдегер - 12 %) болды.  
     Аталмыш интеллектуалдық марафонына Қостанай қаласы (1821), Рудный қаласы (862), Қостанай ауданы (752), Әулиекөл ауданынан (565 адам), Жітіқара ауданы (479), Қарабалық ауданы (458), Арқалық қаласының (417) оқушылары белсенді ат салысты.  
     Қостанай қаласы – 1821 қатысушыдан 279 жүлдегер (15,3 %), Меңдіқара ауданы – 250-тен 36 жүлдегер (14,4 %), Сарыкөл ауданы - 292 қатысушыдан 47 жүлдегер (12,7 %), Таран ауданы – 398 қатысушыдан 45 жүлдегер (11,3 %) оқушылары ойынның қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетті.  
     Интеллектуалдық марафонның қатысушыларына сертификат, жүлдегерлерге дипломдар тапсырылды. 
      Жыл сайын марафонның нәтижесі бойынша «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Ақ бота» ойынының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін бір қатар республикалық, халықаралық мәдени-танымдық, бейінді ауысымдар ұйымдастырады.  
Айта кетсек, Қостанай қаласы М. Горький атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы Тынышев Нығметжан «Ақ бота-2014» республикалық интеллектуалдық марафонының жеңімпазы ретінде 2015 жылдың 2-9 қаңтары аралығында Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық мәдени-танымдық ауысымға жолдамамен марапатталды.
     2014 жылғы 13 қарашада Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру және мәдени қарым-қатынасы шеңберінде, орыс тіліне және ол туралы ғылымға қызығушылықты дамыту мақсатында, тіл білімі саласында дарынды балаларды іздеп табу үшін, «Дарын» ӨҒПО бастамасымен Қазақстан      Республикасында «Русский медвежонок – тіл білімі бәріне» атты интеллектуалдық ойын-конкурсы (әрі қарай – ойын) өтті. Ойын бес топ бойынша өтті: 2-3, 4-5, 6-7, 8-9, 10-11 сыныптар. Әр топқа арналып орыс тілі және тіл білімі бойынша тапсырмалар нұсқаулары ұсынылды.  
      Ойынға Қостанай облысының 250 жалпы білім беретін мектептерінен 4 396 2-11 сынып оқушылары қатысты, ал өткен жылы 303 мектептен 5 123 оқушы (2012 ж. – 5075 оқушы, 313 мектеп) қатысқан болатын. Көрсеткіштерден көріп тұрғанымыздай ағымдағы оқу жылы қатысушылар саны 727 оқушыға кеміген. Дегенмен де кейбір аудандар мен қалалар мектептерінің оқушылары ойынға тұрақты белсенділікпен қатысады: Қостанай қаласы – 1184 оқушы (2013 ж. - 1028), Жітіқара ауданы – 408 қатысушы (2013 ж. - 357), Қостанай ауданы – 375 оқушы (2013 ж. -434), Әулиекөл ауданы – 389 бала(2013 ж. - 378). 
      Конкурсқа Аманкелді, Денисов, Жангелдин аудандары, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының және Рудный қаласының оқушылары қатысқан жоқ. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. 
     Ойынның қорытындысы бойынша облыс бойынша 486 жүлдегер анықталды, нәтижелілік – 11 % (2013 ж. – 451 жүлдегер - 8,8 %; 2012 ж. - 569 жүлдегер –– 11,2 %). Конкурстың нәтижесі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш: Меңдіқара ауданы – 102 қатысушыдан 23 жүлдегер (22,5 %), Арқалық қаласы – 120 қатысушыдан 26 жүлдегер (21,6 %), Әулиекөл ауданы – 389 қатысушыдан 72 жүлдегер (18,5 %), Алтынсарин ауданы – 86 қатысушыдандан 14 жүлдегер (16,3 %). Сонымен қатар «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Сарыкөл, Жітіқара аудандары мен Қостанай қаласының оқушылары жақсы нәтиже көрсетті.  
     Жүлдегерлер «Русский медвежонок-тіл-білімі бәріне» халықаралық ойын-конкурсының дипломдарымен марапатталды. Ойын қорытындысы бойынша жоғары ұпай санын жинаған 44 жүлдегер сыйлықтармен марапатталды.  

     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей білім Академиясының Нәтижелі оқыту Институты және British Institutesпен бірлесе отырып ағылшын тіліне қызығушылықты арттыру, лингвистика саласында дарынды балаларды анықтау, мектеп пен сыныптан тыс жұмысты жандандыру, ағылшын тілі мұғалімдерінің дәрежелерін жоғарылату мақсатында 2014 жылдың 18 желтоқсанында 3-11 сынып оқушылары үшін жетінші жыл «British Bulldog» халықаралық ойын-конкурсын өткізді. Ойынға облыстың 197 жалпы білім мектептерінен 1804 оқушыдан өтініш түсті (өткен оқу жылында - 2018, 2012 ж. – 1 766).  
      Жыл сайын балалардың конкурсқа қатысу белсенділіктері артып келеді. Тапсырмалар сапалы дайындалған, көркем безендірілген, балалардың тек білімдерін толықтықтырып қана қоймай, ой-өрісінің кеңеюіне, ағылшын тілінде сөйлейтін ел туралы жалпы танымын жоғарылатады.  
     Осы оқу жылында ойынға 16 аймақтың оқушылары қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша 170 жүлдегер анықталды (өткен оқу жылы – 242, 2012 ж. - 194).  
     Қостанай (571), Рудный (240), Арқалық (127) қалалары мен Қостанай ауданы (144) мектептерінің оқушылары байқауға белсенді қатысты.  Қатысушылары жоғары нәтиже көрсеткен аудандар мен қалаларды атап өткен жөн: Лисаков қаласы – 70 қатысушыдан 12 жүлдегер (17,1 %), Таран ауданы – 70 қатысушыдан 9 жүлдегер (12,8 %), Қарасу ауданы – 45 қатысушыдан 6 жүлдегер (13,3%).  
     Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Жүлдегерлер «British Bulldog» халықаралық конкурсының дипломдарымен марапатталды. Өткен жылғы ойынның қорытындысы бойынша 2014 жылғы 04-13 қарашада «British Bulldog», «Кенгуру-лингвист», «Кенгуру-математика барлығы үшін» халықаралық зияткерлік ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін Паралимни қаласында (Кипр) ағылшын тілінен мәдени-танымдық ауысым өтті. Ауысымға қатысуға Қостанай облысынан екі оқушы шақырылды. 
     «Кенгуру-математика барлығы үшін» халықаралық математикалық ойын – конкурсы Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылдың 19 наурызында өтті.  Ойынның мақсаты: математика пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын дамыту, 3-10 сынып оқушылары арасында математикадан дарынды балаларды айқындау. Конкурсқа облыстың 354 мектебінен 3 067 оқушы қатысты (2014 жылы – 334 мектептен 3 060 оқушы; 2013 жылы – 359 мектептен 3 439 оқушы), бұл көрсеткіш оқушылардың қатысу белсенділігі өткен жылғы деңгейде қалғанын көрсетеді. 
       Оқушылардың шет ел тілдерін оқуға қызығушылығын арттыру үшін 2015 жылғы 23 сәуірде «Кенгуру-лингвист» (ағылшын және неміс тілдерінен) халықаралық ойыны өтті және бұл ойынға облыстың 95 мектебінің 3-11 сыныптарынан 1 156 оқушы қатысты (2014 жылы – 138 мектептен 1233 оқушы).  
     «Кенгуру - математика барлығы үшін» және «Кенгуру - лингвист» конкурстарына қатысу үшін оқушыларды тарту бойынша жақсы жұмыс өткізген аудандар мен қалалардың білім бөлімдері: Қостанай қаласы (624-математика, 313 - шет тілдері), Рудный қаласы (214 - математика, 159 – шет тілдері), Қостанай ауданы (294 – математика, 79 – шет тілдері) Арқалық қаласы (математика бойынша – 282, шет тілдері бойынша – 79). «Кенгуру-математика бәріне» конкурсына Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Жітіқара және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының балалары қатысқан жоқ. «Кенгуру-лингвист» конкурсына Алтынсарин, Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Қамысты аудандары, дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты мен қазақ-түрік лицей-интернатының балалары қатысқан жоқ. 
     312 оқушы математикалық конкурстың жеңімпазы атанды (2014 ж. – 334; 2013 ж. – 359). Облыс бойынша І орынға 74 оқушы ие болды (2014 ж. – 156; 2013 ж. – 55 жеңімпаз), 70 адам ІІ орын (2014 ж. – 58; 2013 ж.- 89), 168 оқушы ІІІ орын (2014 ж. – 120; 2013 ж. - 215) алды.  
     Тілдер бойынша конкурста 135 оқушы жеңімпаз атанды (2014 ж. – 233; 2013 ж. – 169): 43 бірінші орын, 1 екінші орын, 91 үшінші орын. Өткен жылдың нәтижесі: 84 бірінші орын, 62 екінші орын, 87 үшінші орын. «Кенгуру - математика барлығы үшін» ойынының сапасы бір қалыпты деңгейде қалса, «Кенгуру-лингвист» конкурсының ойын сапасы өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. 
     «Кенгуру - математика барлығы үшін» ойынында жақсы нәтижеге ие болған өңірлер: Қостанай қаласы – 624 қатысушыдан 113 жүлдегер (сапалық % – 18,1 %), Лисаков қаласы – 139 қатысушыдан 29 жүлдегер (сапалық % – 17,1 %), Арқалық қаласы - 282 қатысушыдан 34 жүлдегер (сапалық % – 12,1 %).  
     «Кенгуру-лингвист» ойын конкурсында жүлделі орын саны бойынша үздік нәтиже көрсеткен Лисаков қаласының оқушылары – 69 қатысушы ішінен 15 жүлдегер (сапалық көрсеткіші – 21,7 %). Жақсы нәтижеге жеткен аудандар: Қарабалық ауданы - 51 қатысушыдан 10 жүлдегер (сапалық көрсеткіші – 19,6 %), Қостанай қаласы - 313 қатысушының ішінен 44 жүлдегер (сапалық көрсеткіші – 14 %), Рудный қаласы – 159 қатысушыдан 25 жүлдегер (қатысу сапасы - 15,7 %).  
     «Кенгуру - математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойындар конкурсында үздік нәтижеге жеткен оқушылар үшін 2015 жылдың 31 мамыры мен 4 маусым аралығында Алматы қаласында мәдени-танымдық ауысым ұйымдастырылды. Бұл ауысымға ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары шақырылды. 

     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2014 жылдың 4-13 қараша аралығында халықаралық «British Bulldog», «Кенгуру-лингвист», «Кенгуру - математика барлығы үшін» интеллектуалдық конкурстарының өткен оқу жылы бойынша жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Паралимни қаласында (Кипр) ағылшын тілінен бейіндік ауысым ұйымдастырды. 
     Бейіндік ауысымның негізгі мақсаты - дарынды балаларды қолдау, лингвистика пәндері бойынша білімдерін жетілдіру, Европа елдерінің білім өркениетімен таныстыра отырып, ғылым негіздеріне қызығушылығын арттыру. 
     Бейіндік ауысымға республика өңірлерінен интеллектуалды ойындардың 29 жеңімпазы қатысты. Қазақстанның жиынтық командасына Қостанай облысының алты оқушысы кірді. Соның ішінде 4 оқушы - «Кенгуру-лингвист», «Кенгуру–математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойындарының жүлдегерлері:  
      Демалыс соңында балалар мен жетекшілер сертификаттармен марапатталды.  
     Сонымен қатар 2015 жылғы 05 шілдеден 17 шілдеге Москва қаласында өтетін Халықаралық математикалық лагердің мәдени-танымдық ауысымына қатысу үшін «Кенгуру-математика барлығы үшін» ойынының жүлдегері ретінде Лисаков қаласы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы Козулин Игорь шақырылды. 
    «Кенгуру-лингвист» халықаралық интеллектуалдық ойынының 2014, 2015 жылдарғы жеңімпаздары үшін халықаралық ауысымдар ұйымдастырылды. Атап өтсек, Қостанай қаласындағы №115 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Акеева Мадина Лондон қаласына (Ұлыбритания) лингвистикалық лагерге жолдамамен марапатталды. 
     Ал Рудный қаласы №4 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Белявский Богдан және Ұзынкөл ауданы Киров орта мектебінің 8 сынып оқушысы Самохвалова Наталья Болгарияға баруға мүмкіндік алды. 

     Қазақстанның Ресеймен білім беру саласындағы қатынастарын бекіту аясында, сонымен қатар зерттеу қызметіне ынталандыру, мәліметтерді іздеу және анализ жасау қабілеттерін дамыту, әлем көркемөнер мәдениеті тарихына баулу мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей білім Академиясымен бірлесіп 2015 жылдың 20-24 ақпанында білім беру ұйымдары арасында «Золотое руно» халықаралық ойын-конкурсын өткізді.  
     Конкурсқа 268 жалпы білім және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3-11 сыныптарынан 2 825 оқушыдан (2014 ж. - 240 мектептен 2 922 оқушы; 2013 ж. – 241 мектеп, 2 751 оқушы) сұраныс түсті.  
     Ойынға облыстың 17 аймағынан және дарынды балаларға арналған білім мекемелерінен оқушылар қатысты.  Аманкелді, Денисов, Жангелдин, аудандары мен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған және қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары ойынға қатысқан жоқ.  
     Қатысушылық мониторингі аталған интеллектуалдық конкурсына жылдан жылға балалардың тұрақты қатысуын көрсетеді. Қостанай қаласы – 598 (2014 ж. – 598; 2013 ж. - 377), Рудный қаласы – 318 (2014 ж. – 374; 2013 ж. – 380 адам), Қостанай ауданы – 243 (2014 ж. – 274; 2013 ж. – 177) қатысушылар саны басқа аймақтармен салыстырғанда көп болды. 
     Аталған өңір оқушылары жыл сайын «Золотое Руно» конкурсына белсенді ат салысып, жақсы жетістіктер көрсетіп жүр. 
     2014-2015 оқу жылы ойынның жүлдегерлер саны артқан – 415. 2014 ж. – 281, 2013 жылы – 311. Биылғы оқу жылында облыс бойыша 163 оқушы 60 ұпай, 252 қатысушы 59 ұпай санын жинады.  
     Жүлделі орындар саны бойынша ең жоғары нәтиже «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – 19 қатысушыдан 7 жүлдегер (ойынға қатысу сапасы – 36,8%); Федоров ауданы – 93 қатысушыдан 20 жүлдегер (ойынға қатысу сапасы – 21,5%); 47 қатысушыдан 10 жүлделі орын Алтынсарин ауданының оқушыларында (ойын сапасының % – 21,3%); Қостанай қаласы - 536 қатысушыдан 102 жүлделі орын (сапа % – 19%).  
     Осы жылы байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар алған ең жоғары ұпай саны 60 болды.  Республикалық ғылыми-практикалық орталығы зияткерлік ойындар нәтижесі бойынша бір қатар халықаралақ, республикалық мәдени-танымдық, профильдік ауысымдар ұйымдастырады.  
     Атап айтсақ, 2015 жылғы 31 мамыр мен 4 маусым аралығында Алматы қаласына «Кенгуру-математика барлығына», «Золотое Руно», «Кенгуру-линвист» ойындарының жеңімпаздарына арналған ағылшын тілінен профильді ауысымға Силантьев орта мектебінің 7 сынып оқушысы Баймағамбетов Мұрзағұл және Таран ауданы Валерьянов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Токмухамбетова Диана «Золотое Руно»-2015 конкурсының жүлдегерлері ретінде жолдамалармен марапатталды. 

     "Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан мен Ресей арасында білім беру қарым-қатынасы шеңберінде Ресей білім академиясы солтүстік-батыс бөлімшесінің Инновациялық продуктивті білім беру институтымен бірлесе отырып 3-10 сынып оқушылары арасында 2015 жылғы 7 сәуірде «Еуропа» тақырыбы бойынша «Адам және табиғат» ойын – конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізді.  
     Конкурс сұрақтары табиғаттану, экология, биология, география, физика, астрономия пәндерімен байланысты. Байқау тапсырмалары 1-2, 3-4, 5-6, 7-8 және 9-10 сынып оқушылары үшін бес категорияға арналып берілді. 
     Ойын биыл біздің облысымызда екінші рет өткізіліп, оған 11 өңір мен Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттан 1 173 (2014 ж. - 1 428) оқушы қатысты.  
Аталған байқауға белсенді қатысқан өңірлерді атап өтсек: Қостанай қаласы - 529 (2014 ж. – 312); Рудный қаласы – 165 (2014 ж. – 301); Таран ауданы – 248 оқушы.

     Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылғы 6 ақпанда жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына арналған «Атамекен» облыстық интеллектуалдық - танымдық ойыны өтті (бұдан әрі - ойын). Ойын биыл үшінші рет өтті. 
      Ойынның мақсаты: кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі пәндерге қызығушылығын арттыру және танымдық белсенділігін дамыту; қабілетті балаларды анықтау және оларға алдағы уақытта қолдау көрсету. 
      Ойын тапсырмасына мектеп бағдарламасындағы төрт негізгі пән: математика, қазақ тілі және орыс тілі, дүниетану бойынша сұрақтар кірді.  Ойынға қатысуға Қостанай облысының жалпы білім беретін 239 мектептерінің 1-4 сынып оқушыларынан 3 170 өтініш түссе, 2014 жылы 250 мектептен 5 840 оқушы ойынға қатысуға өтініш білдірген.  
     Ойынға Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Қостанай аудандары мен Қостанай қаласының оқушылары қатысқан жоқ. Рудный қаласы – 587 оқушы (2014 ж. -753), Жітіқара ауданы – 361 қатысушы (2014 ж. - 512), Әулиекөл ауданы – 296 оқушы ( 2014 ж. – 143), Таран ауданы – 249 (2014 ж. - 314) оқушылары жақсы белсенділік танытты.  
Тапсырмаларға әр пән бойынша 20 сұрақ кірді. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай берілді.
       Ойын соңынан жоғары көрсеткішке ие болған өңірлер анықталды: Жітіқара ауданы –361 қатысушыдан 66 жүлдегер (1 орын – 3; 2 орын – 18; 3 орын – 45; қатысу сапасы – 18,3%); Әулиекөл ауданы – 296 қатысушыдан 24 жүлдегер (2 орын – 9; 3 орын – 15; қатысу сапасы – 8,1%).  
Жалпы облыс бойынша в 2015 жылы 3 170 қатысушыдан 207 оқушы жүлделі орындарға ие болып, бұл қатысушылардың жалпы санының 6,5% құрады (2014 ж. – 5 840 қатысушы, 840 жүлдегер, қатысу сапасы - 14,4%).
     Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

     Республикалық және халықаралық интеллектуалдық ойындардың қорытынды сараптамасы бойынша осы оқу жылында «Ақ бота», «Русский медвежонок-тіл-білімі бәріне», «British Bulldog» ойын-конкурстарында оқушылардың қатысу белсенділігі өткен оқу жылымен салыстырғанда төмендегені байқалады. Әсіресе «Атамекен» ойынына қатысушылар саны екі есеге жуық кеміген. «Золотое руно», «Кенгуру-лингвист» конкурстарына қатысушылар саны өткен жылдардағы көлемде қалған. Ал «Кенгуру - математика барлығы үшін» ойынына қатысу динамикасы жақсарғаны байқалды.  

      Жалпы, жоғарыда аталған барлық зияткерлік ойындарға қатысуы бойынша облысымыздың барлық өңірлерінің оқушылары қамтылған. Дегенмен зияткерлік ойындарға жалпы білім беретін ұйымдарының оқушылары қатыспайтын аудандарды атап өту қажет: Аманкелді, Жангелдин, Денисов аудандары және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты.  

     Қорытындылай келе, интеллектуалдық ойын, конкурстарға оқушылардың оқу үлгіріміне қарамай барлық тілек білдірген оқушылар қатысулары керек. Интеллектуалдық ойындарға, конкурстарға қатысу ерікті болып табылады. Оқушыларды белсенді қатысуға тарту үшін мектеп, аудан үйлестірушілері тарапынан белсенді жұмыс атқарылуы қажет. Оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелер өткізіліп, түсінік берілуі, хабарландырулар ілінуі қажет.  
     Халықаралық, республикалық интеллектуалдық конкурстарының жүлдегерлері жыл сайын Қазақстан бойынша және шет елдерге мәдени-танымдық ауысымдарына, сауықтыру лагерлеріне жолдамалармен марапатталады. Ойындардың жүлдегерлері үшін мәдени-танымдық ауысымдар жүйелі түрде оқушылардың қысқы және жазғы демалыстар кезіңде ұйымдастырылып, өткізіледі.  
Лагерлерге жолдамалармен марапаттау, сыйлықтар, дипломдар т.б. балаларды зияткерлік ойындарда қатысуға ынталандырады, қосымша білім алып, ақыл-ойларын жаттықтырумен қоса, балалар жақсы, пайдалы демалады.

Анализ интеллектуальной деятельности школьников Костанайской области за 2014-2015 учебный год 

     В последние десятилетия в нашей культуре сформировалось вполне самостоятельное явление, получившее название «Интеллектуальные игры». Они дают возможность раскрыться наиболее талантливым, эрудированным ребятам, тем, для кого знания, наука, творчество имеют первостепенное значение.  
     Игры являются одним из способов целенаправленного формирования личности. Активное участие в освоении различных наук и предметов, а также мира человеческих отношений способствует развитию творческих возможностей детей. 
     Интеллектуальные игры, конкурсы помогают скрасить досуг, развить умственные способности, расширить словарный запас, улучшить память, стать более внимательным, сообразительным, учат любить и чувствовать слово, пробуждают способность к сочинительству, развивают фантазию.       Согласно плану работы Республиканского научно-практического центра «Дарын» Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее РНПЦ «Дарын») ежегодно проводится ряд международных, республиканских интеллектуальных игр, конкурсов.  
     В течение 2014-2015 учебного года проведены следующие: республиканский интеллектуальный марафон «Ақ бота», международный интеллектуальный конкурс «Русский медвежонок-языкознание для всех», международная интеллектуальная игра-конкурс «Золотое руно», международный конкурс «Британский бульдог» и международный интеллектуальный конкурс «Кенгуру-математика для всех», международный конкурс «Кенгуру-лингвист» и международный интеллектуальный конкурс-игра «Человек и природа». 
     Также учащиеся начального звена нашей области в 2014-2015 учебном году приняли участие в областной интеллектуально-познавательной игре «Атамекен», которая была организована и проведена Региональным научно-практическим центром «Қостанай дарыны» (далее – РНПЦ «Қостанай дарыны») третий год.  

     В начале учебного года традиционно стартует республиканский интеллектуальный марафон «Ақ бота» среди учащихся 3-10 классов по следующим предметам:  
3-4 классы - казахский язык (русский язык), математика, естествознание;
5-8 классы - казахский язык (русский язык), математика, биология;
9-10 классы - казахский язык (русский язык), математика, физика, химия.
     В текущем учебном году марфон состоялся 30 октября 2014 года.  В марафоне приняли участие 8 546 (в 2013 г. - 9 228, 2012 г. – 8 508) учащихся из 314 общеобразовательных школ Костанайской области.  В игре не приняли участие школьники Жангельдинского района и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей. 
     Интеллектуальный марафон «Ақ бота» является одним из самых популярных интеллектуальных конкурсов среди учащихся и открывает все игры в начале учебного года.  
     По сравнению с показателями 2013 года количество участников сократилось на 682 человека, но осталось на том же уровне, что и 2012 году. Результативность участия составила в текущем году 9,6 % - 824 призера (в 2013 г. - 11,1 % - 1024 призера, в 2012 г. - 1018 призеров).  
     Активное участие в данном интеллектуальном марафоне принимают учащиеся школ г. Костаная (1821), г. Рудного (862), Костанайского (752), Ауликольского (565 человек), Карабалыкского (458) районов, количество участников в вышеперечисленных регионах с каждым годом возрастает. Также неплохо участвуют в данном конкурсе школьники Житикаринского района (479), г. Аркалыка (417).  
      Из 21 регионов и специализированных учреждений образования, принимавших участие в интеллектуальном марафоне, высокую результативность участия показали учащиеся г. Костаная – 279 призера из 1821 участников (15,3%), Мендыкаринского района 36 призеров из 250 участников (14,4%), Сарыкольского района - 47 призеров из 292 участников (12,7 %), Тарановского района - 45 призеров из 398 участников (11,3 %).  
     По итогам интеллектуального марафона призеры награждены дипломами.  Ежегодно по итогам марафона Республиканским научно-практическим центром «Дарын» организуются республиканские, международные культурно-познавательные, профильные смены для победителей и призеров интеллектуального марафона «Ақ бота».  
      С 2 по 9 января 2015 года учащийся 10 класса гимназии имени А.М.Горького города Костаная Тынышев Нигметжан был награжден путевкой в Южную Корею для участия в международном лингвистическом лагере как победитель республиканского интеллектуального марафона «Ақ бота-2014».  

     13 ноября 2014 года в рамках образовательного и культурного сотрудничества Казахстана с Россией, с целью привития интереса к русскому языку и науке о нем, выявления детей, одаренных в области языкознания, по инициативе РНПЦ «Дарын» в Республике Казахстан прошел международная игра-конкурс «Русский медвежонок – языкознание для всех» (далее – игра). Игра проходила по пяти возрастным группам: 2-3, 4-5, 6-7, 8-9, 10-11 классы. Каждой возрастной группе был предложен свой вариант заданий по русскому языку и лингвистике. 
     В игре по Костанайской области приняли участие 4 396 школьников из 2-11 классов из 303 школ области, тогда как в прошлом году участвовало 5 123 школьников из 303 школ (2012 г. - 5 075, 313 школ). Как видно из показателей количество участников в этом учебном году сократилось на 727 человек. Несмотря на это хочется отметить регионы, которые стабильно активно участвуют в игре: город Костанай – 1184 участников (2013 г. - 1028), Костанайский район – 375 учащихся (2013 г. - 434), Ауликольский район – 389 (2013 г. - 378), Житикаринский район - 408 (357). В конкурсе не участвовали учащиеся Амангельдинского, Жангельдинского, Денисовского районов, казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей и города Рудного. 
     Все участники игры получили сертификаты. По результатам конкурса в области определены 486 призеров, результативность составляет – 11% (2013 г. – 451 призер – 8,8%; 569 призеров – 11,2% - в 2012 г). По результатам конкурса высокие показатели имеют участники Мендыкаринского района – 23 призера из 102 участников (22,5%), г. Аркалыка – 26 из 120 (21,6%), Аулиекольского района - 72 из 389 (18,5%), Алтынсаринского района – 14из (16,3%). Хорошие результаты у учащихся г. Лисаковска, г. Костаная, Сарыкольского, Житикаринского районов. 
Призеры игры награждены дипломами международной игры-конкурса «Русский медвежонок - языкознание для всех».
     По итогам игры 44 призера, набравшие высокие баллы, награждены призами:  

     Республиканский научно-практический центр «Дарын» совместно с Институтом продуктивного обучения Российской Академии образования и British Institutes с целью повышения интереса к английскому языку, выявления детей, одаренных в области лингвистики 18 декабря 2014 года восьмой год провел игровой конкурс «British Bulldog» для учащихся 3-11 классов.  
     В конкурсе приняли участие 1 784 (в прошлом учебном году – 2018, 2012 г. - 1 766) учащихся из 167 школ области.  
     В целом по области дети активно участвуют в данном конкурсе. Задания конкурса подготовлены качественно: красочные, интересные, способствующие не только закреплению знаний, но и расширению кругозора, общих познаний о стране изучаемого языка.  
     В этом учебном году в игре участвовали учащиеся из 14 регионов, школы-интерната для одаренных детей имени Ы. Алтынсарина и школы-интерната для одаренных детей «Озат».  
     Наибольшее количество участников было заявлено из общеобразовательных школ г. Костаная — 571 (2013 г. - 493), г. Рудного — 240 (2013 г. - 238), Костанайского района — 144 (2013 г. - 128).  
     Лучшие показатели по итогам игры у учащихся г.Лисаковска: 12 призеров из 70 участников (17,1 %); Карасуского района: 6 призеров из 45 участников (13,3 %); Тарановского района: 9 призеров из 70 участников (12,8%). 
    Участники игры получили сертификаты, а призеры игры награждены дипломами.  
      По итогам игры с 04 по 13 ноября 2014 года состоялась профильная смена по английскому языку в г. Паралимни (Кипр) для победителей и призеров международных интеллектуальных конкурсов «British Bulldog», «Кенгуру-лингвист», «Кенгуру-математика для всех». 
      Международная математическая игра-конкурс «Кенгуру-математика для всех» вызывает у детей большой интерес. Цель игры: углубление знаний школьников по математике, развитие интереса к изучаемому предмету, выявление способных детей среди школьников 3-10 классов. В этом году конкурс прошел 19 марта 2015 года, в нем приняли участие 3 067 учащихся 3-10 классов из 354 школ Костанайской области (2014 г. – 3 060 учащихся из 334 школ, 2013 г. – 3 439 учащихся из 359 школ).  
     Для повышения интереса учащихся к изучению иностранных языков, 23 апреля 2015 года состоялась международная игра «Кенгуру-лингвист» (по английскому и немецкому языкам), в котором участвовало 1 156 учащихся 3-11 классов (1 213 учащихся из 115 школ – 2014 г; 1590 участников из 120 школ - 2013 г.) из 95 школ области.  
     Эффективную работу по привлечению школьников к участию в конкурсах «Кенгуру-математика – для всех» и «Кенгуру-лингвист» провели отделы образования города Костаная (624 - математика, 313 - иностранные языки), города Рудного (214 - математика, 159 - иностранные языки), Костанайского района - (303 – математика, 79 – иностранные языки), города Аркалыка (282 – математика, 79 - иностранные языки), Тарановского района (по математике – 226).  
     В математическом конкурсе не приняли участия школьники Амангельдинского, Денисовского, Жангельдинского, Житикаринского районов и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.  
     Не поступило заявок на участие в конкурсе «Кенгуру-лингвист» из Алтынсаринского, Амангельдинского, Денисовского, Жангельдинского, Камыстинского районов, школы-интерната для одаренных детей «Озат» и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.  
      Призерами математического конкурса стали 312 учащихся (в 2014 г. – 334; 2013 г- 359). І место по области заняли 74 учащихся (в 2014 г. – 156; 2013 г. - 55 победителей), II место заняли 70 человек (в 2014 г. – 58; 2013 г. - 89), III место – 168 (в 2014 г. – 120; 2013 г. - 215).  
     Призерами языкового конкурса стали 135 учащихся (в 2014 г. – 233; 2013 году - 169): 43 первых мест, 1 второе место, 91 третьих мест. Результаты прошлого года: 84 первых мест, 62 вторых мест, 87 третьих мест.  
     Результативность участия в конкурсе «Кенгуру-матемика» по области за последние три года остаются в пределах 10 %. Результативность участия в конкурсе «Кенгуру-лингвист» составила 11,2 %, что ниже прошлогоднего показателя (19,2%). 
     Хорошие результаты в интеллектуальной игре «Кенгуру-математика для всех» показали участники из города Костаная – 113 призеров из 624 участников (% качества – 18,1%), города Лисаковска – 29 призеров из 169 участников (% качества - 17,1%), города Аркалыка - 34 призера из 282 участников (% качества - 12,1%).  
     В игровом конкурсе «Кенгуру-лингвист» лучший результат по количеству призовых мест имеют учащиеся города Лисаковска - 15 призеров из 69 участников (% качества – 21,7%). У учащихся Карабалыкского района 10 призеров из 51 участников (% качества –19,6%). Хорошие показатели у учащихся города Костаная – 44 призера из 313 участников (% качества – 14%), города Рудного – 25 призеров из 159 участников (% качества – 15,7%).  
     Учащиеся, показавшие лучшие результаты по итогам интеллектуального игрового конкурса «Кенгуру-математика для всех» награждены путевками в культурно-познавательную смену «Дарын жұлдыздары» в г.Алматы с 31 мая по 4 июня 2015 года. 
     Для участия в смене были приглашены 5 учащихся-призеров 7-8 классов сельских школ. В завершении культурно-познавательной смены ребятам и их руководителям были вручены сертификаты.  
     Республиканский научно-практический центр «Дарын» 4-13 ноября 2014 года организовал профильную смену по анлгийскому языку для победителей и призеров международных интеллектуальных игр «British Bulldog», «Кенгуру-лингвист», «Кенгуру–математика для всех» в городе Паралимни (Кипр).  Цель смены – поддержка одаренных детей, совершенствовние знаний по английскому языку, ознакомление с с культурой о. Кипра, повышение интереса к изучению основ наук.  В профильной смене участвовали 29 учащихся из регионов нашей республики. В команду Костанайской области вошли 6 учащихся, из них 4 участника являются призерами игр «Кенгуру-лингвист», «Кенгуру–математика для всех»: 
     Также с 05 по 17 июля 2015 года для участия в культурно-познавательной смене в Международным математическом лагере (г. Москва) для победителей и призеров международного интеллектуального конкурса «Кенгуру-математика для всех» приглашен Козулин Игорь, учащийся 8 класса школы-лицея г. Лисаковска. 
     Для победителей международного интеллектуального конкурса «Кенгуру-лингвист» 2014, 2014 годов в период летних каникул были организованы международные смены. 
     В частности, учащаяся 10 класса средней школы №115 г. Костаная Акеева Мадина была награждена путевкой в международный лингвистический лагерь в г. Лондон (Великобритания). Учащийся 9 класса школы-лицея №4 г. Рудного Белявский Богдан и учащаяся 8 класса Кировской средней школы Узункольского района Самохвалова Наталья получили возможность посетить Болгарию. 

     В рамках укрепления образовательного сотрудничества Казахстана с Россией, а также в целях приобщения школьников к истории мировой художественной культуры, стимулирования исследовательской деятельности, побуждению учащихся к самостоятельной работе с источниками знаний, развития умений по поиску и анализу информаций Республиканский научно-практический центр «Дарын» совместно с Российской Академией образования провел 20-24 февраля 2015 года в организациях образования республики Международный игровой конкурс «Золотое руно».  
     В конкурсе приняли участие 2 800 учащихся (2014 году - 2 922 учащихся 240 школ; в 2013 году – 2 751 учащихся из 241 школ) 3-11-х классов из 268 общеобразовательных и специализированных учреждений образования.  
     В конкурсе приняли участие школьники из 17 регионов области и организаций образования для одаренных детей. Не приняли участие в конкурсе учащиеся Аманкельдинского, Денисовского, Жангельдинского, казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей и школы-интерната для одаренных детей имени Ы. Алтынсарина. Мониторинг участия показывает, что в данном интеллектуальном конкурсе наблюдается стабильность участия.  
     В 2014-2015 учебном году наибольшее количество учащихся приняло участие из города Костаная – 536 (в 2014 г. – 598; 2013 г. - 377), города Рудного – 318 (в 2014 г. – 374; 2013 г. – 380), Костанайского района – 243 (в 2014 г. – 274; 2013 г. - 177). Учащиеся из вышеперечисленных регионов ежегодно принимают активное участие в данном конкурсе и показывают хорошие результаты. 
     Количество призеров заметно возросло – 415 человек, в 2014 году – 281, 2013 году – 311 призеров. В этом году по области 163 учащихся набрали наивысший балл – 60, 252 участника набрали 59 баллов.  
     Лучший результат по количеству призовых мест занимают учащиеся школы-интерната для одаренных детей «Озат» - 7 призеров из 19 участников (% качества составил – 36,8%), Федоровского района - 20 призеров из 93 участников (% качества составил – 21,5%), 10 призовых мест из 47 участников у Алтынсаринского (% качества – 21,3%), города Костаная – 102 призера из 536 участников (% качества составил – 19%).       Максимальный балл, который можно было набрать по итогам конкурса в этом году, составил 60 баллов.  
     Ежегодно победители интеллектуальных игр награждаются путевками в международные, республиканские культурно-познавательные, профильные смены. 
     Учащийся 7 класса Силантьевской средней школы Баймагамбетов Мурзагул и учащаяся 7 класса Валерьяновской средней школы Токмухамбетова Диана получили возможность участвовать в республикаской культурно-познавательной смене в г. Алматы как призеры конкурса «Золотое руно»с 31 мая по 04 июня 2015 года. 

     В рамках образовательного сотрудничества Казахстана с Россией 7 апреля 2015 года состоялся международный интеллектуальный игровой конкурс «Человек и природа» (далее – конкурс). Организатором конкурса является РНПЦ «Дарын» совместно с Инновационным институтом продуктивного обучения СЗО РАО и Новосибирским центром продуктивного обучения 
     Тема конкурса - «Европа». Главная его направленность – человек и окружающий мир, взаимосвязь человека и природы, человека и окружающей действительности. Вопросы конкурса связаны с такими предметами, как, природоведение, экология, биология, география, физика, астрономия и т.д. 
      Задания конкурса предназначены для пяти возрастных категорий учащихся: 1-2, 3-4, 5-6, 7-8 и 9-10 классов.  Учащиеся организаций образования Костанайской области участвовали в конкурсе второй раз. В игре приняли участие 1 173 учащихся из 10 регионов и школ-интернатов для одаренных детей им. Ы. Алтынсарина и «Озат», тогда как в прошлом году участвовали из 6 регионов области и школ-интернатов для одаренных детей им. Ы. Алтынсарина и «Озат» (2014 г. - 1 428 участников).  
     Необходимо отметить регионы, которые активно участвовали в данном конкурсе: город Костанай - 312 учащихся (в 2014 г. – 529); город Рудный – 165 (2014 г. – 301); Тарановский район – 248 учащихся.  

     Согласно плану работы Регионального научно-практического центра «Қостанай дарыны» Управления образования акимата Костанайской области 6 февраля 2015 года состоялась областная интеллектуально-познавательная игра «Атамекен» для учащихся начальных классов общеобразовательных школ (далее - игра).  Цель игры: развитие познавательной активности и повышение интереса детей младшего школьного возраста к основным предметам; выявление способных детей и дальнейшая их поддержка.  
      В задания игры вошли вопросы по трем основным предметам: математике, казахскому или русскому языкам и познанию мира.  
     Для участия в игре принято заявок от 3 170 учащихся из 239 школ Костанайской области, тогда как в прошлом учебном году было заявлено 5 840 участников из 250 школ, в 2013 г. - 2 442 участников из 217 школ области.  
    В игре не приняли участие учащиеся Амангельдинского, Денисовского, Жангельдинского, Костанайского районов и города Костаная. 
      Наибольшую активность проявили учащиеся из города Рудного – 587 участников (2014 г. - 753), Житикаринского района – 361 (в 2014 г. - 512), Аулиекольского района – 296 (в 2014 г. – 143), Тарановского района – 249 (в 2014 г. - 314). 
      Задания состояли из 20 вопросов по каждому предмету. За каждый правильный ответ присуждались 2 балла. 
      По итогам игры определены регионы, имеющие высокую результативность: Житикаринский район - 66 призеров из 361 участников (1 м. – 3; 2 м. – 18; 3 м. – 45; качество участия – 18,3%); Аулиекольский район – 24 призера из 296 участников (2 м. – 9; 3 м. – 15; качество участия – 8,1%).  
    Всего по области в 2015 году из 3 170 участников 207 учащихся заняли призовые места, что составляет 6,5% от общего количества участников (показатели 2014 г. – 840 призеров из 5840 участников, результативность 14,4%). 
     Всем участникам вручены сертификаты, призеры награждены дипломами и ценными призами. 

      Анализ итогов республиканских и международных интеллектуальных игр показал, что в этом учебном году наблюдалось снижение активности участия в таких играх как «Ақ бота», «Русский медвежонок – языкознание для всех», «British Bulldog» по сравнению с прошлым годом. В областной игре «Атамекен» число участников заметно сократилось. В интеллектуальных конкурсах «Золотое Руно», «Кенгуру-лингвист» количество участников по области осталось на том же уровне. В игре «Кенгуру-математика» наблюдается положительная динамика участия.  
     В целом во всех вышеперечисленных играх охвачены учащиеся всех регионов нашей области, за исключением учащихся общеобразовательных организаций образования Аманкельдинского, Жангельдинского, Денисовского районов и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.  
     В завершение необходимо заметить, что в интеллектуальных играх, конкурсах должны участвовать все желающие, не должно быть ограничений в связи с успеваемостью детей. Участие в интеллектуальных играх, конкурсах является добровольным. Школьным, районным координаторам игр необходимо проводить определенную работу для привлечения детей к активному участию в интеллектуальных играх: проводить беседы, разъяснения, вывесить объявления и т.д. 
     Призеры международных, республиканских интеллектуальных конкурсов ежегодно награждаются путевками в культурно-познавательные смены, оздоровительные лагеря по Казахстану и за рубежом. Культурно-познавательные смены для призеров игр организуются и проводятся регулярно в период зимних и летних каникул учащихся. 
    Награждение путевками в лагеря, ценные призы, дипломы дают стимул и способствуют участию детей в интеллектуальных играх. Участвуя в данных играх помимо дополнительных знаний, тренировки ума, ребята получают хороший, полезный отдых. 
Наш официальный сайт

www.kostdaryn.kz  

План мероприятий РНПЦ "Костанай дарыны" на 2018 год

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Костанайского района

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по казахскому языку и литературе для учащихся 7-10 классов

подробнее

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Алтынсаринского и Сарыкольского районов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по географии для учащихся 7-10 классов

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Мендыкаринского и Узункольского районов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады Funny English для учащихся 2-4 классов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по истории Казахстана для учащихся 7-10 классов

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Алиекольского, Карасуского и Нарузумского районов

РНПЦ "Костанай дарыны" 2006 © Все права защищены
ВебСтолица.РУ: создай свой бесплатный сайт!  | Пожаловаться  
Движок: Amiro CMS