АНОНС НОВОСТИ

 

 

Итоги игр 2016-2017 года

Қостанай облысы оқушыларының 2016-2017 оқу жылындағы зияткерлік қызметінің сараптамасы

     Бүгінгі таңда зияткерлік ойындар білім беру кеңістігінде өзінің салмақты орнын тапты. Олар білім, ғылым, шығармашылық ең басты құндылық деп есептелінетін дарынды, білімді балалардың ашылуына мүмкіндік береді.
     Ойынның адам тұлғасының барлық жақтарын – ақыл-ой, физикалық, адамгершілік, эстетикалық жақтарын дамытудағы рөлі зор. Ойындар тұлғаның қалыптасуындағы басты әдістердің бірі болып табылады. Балалардың пән әлемін және адам қатынастары әлемін игеруіне белсенді қатысуы олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді.
     Зияткерлік ойындардардың негізгі мақсаты білімнің беделін арттыру, тұлғаның ой-өрісінің дамуына қолдау көрсету, тұлғаның білімге құштарлығын арттыру және әр түрлі зияткерлік ойындар арқылы тәрбиелеу болып табылады.
      Сонымен қатар зияткерлік ойындарды өткізу барысында нақты міндеттер қойылады:
 ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру (сараптама, синтез, салыстыру, жіктелуі, ұқсастығы);
 бейнелі және қисынды ойлауды дамыту;
 ойлаудың әр түрлілігін, шығармашылық қабілеттерін, қиял-ойын және сындарлы біліктерін дамыту;
 тілді дамыту (өзінің ойын негіздеу және оған сендіру, қарапайым ой тұжырымын құрастыра алу);
 іс-әрекеттерін ойластыру және жоспарлау шеберліктерін қалыптастыру, шешім қабылдау, нәтижесіне болжам жасау және оларды берілген ережелерге сай тексеру.
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының («Дарын» РҒПО) жұмыс жоспарына сәйкес әр оқу жыл сайын бір қатар халықаралық, республикалық зияткерлік ойындар, конкурстар өткізіледі. 2016-2017 оқу жылы бойы келесі ойындар мен конкурстар өткізілді: «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафоны, «Русский медвежонок - тіл білімі бәріне» халықаралық интеллектуалдық конкурсы, «Золотое руно» халықаралық интеллектуалдық ойын-конкурсы, «British Bulldog» халықаралық конкурсы және «Кенгуру-математика бәріне» халықаралық интеллектуалдық конкурсы, «Кенгуру-лингвист» республикалық конкурсы және «Адам және табиғат» халықаралық ойын-конкурсы және «Адам және табиғат - мектепке дейінгілерге» атты халықаралық ойын-конкурсы.
     Сонымен қатар, облысымыздың бастауыш сынып оқушылары 2016-2017 оқу жылында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі - «Қостанай дарыны» ӨҒПО) ұйымдастып, өткізген «Атамекен» атты облыстық зияткерлік-танымдық ойынына қатысты.
     Зияткерлік ойындарды 2016 жылғы 30 қазанда 3-10 сыныптың оқушылары арасында «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафоны ашты. Ойын келесі пәндер бойынша өтті:
3-4 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, жаратылыстану;
5-8 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, биология;
9-10 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, физика, химия.
     Марафонға Қостанай облысының 315 жалпы білім мектептерінен 5 535 (2015 ж. - 6 384, 2014 ж. - 8 546, 2013 ж. - 9 228, 2012 ж. – 8 508) оқушы қатысты. Марафонға Алтынсарин, Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Қарабалық, Меңдіқара аудандары және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ.
     Биыл қатысушылар саны 2015 оқу жылының көрсеткіштерімен салыстырғанда 849 адамға кеміді. Қатысу нәтижелігі ағымдағы жылы 36,7 % – 2032 жүлдегер болды (2015 ж. 12,7 % құрады – 786 жүлдегер; 2014 ж. - 9,6 % құрды – 824 жүлдегер; 2013 ж. - 11,1 % – 1024 жүлдегер; 2012 ж. - 1018 жүлдегер - 12 %).
     Жыл сайын марафонға Рудный қаласы (730), Қостанай ауданы (841), Әулиекөл ауданы (611), Сарыкөл ауданы (437), Таран ауданы - (427), Жітіқара ауданының (415 адам) оқушылары белсенді ат салысады.
     Зияткерлік марафонға қатысқан 16 өңір мен мамандандырылған білім мекемелерінің арасынан Жітіқара ауданының оқушылары ең жоғары көрсеткішке жетті – 415 қатысушыдан 265 жүлдегер (63,8 %). Облыс бойынша орташа көрсеткіш – 36,7 %, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда жоғары болып табылады.
     Интеллектуалдық марафонның қатысушыларына сертификат, жүлдегерлерге дипломдар тапсырылды.
     Жыл сайын марафонның нәтижесі бойынша «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Ақ бота» ойынының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін бір қатар республикалық, халықаралық мәдени-танымдық, бейінді ауысымдар ұйымдастырады. Айта кетсек, 2016 жылғы 22-25 желтоқсанда «Ақбота - 2016» марафонының төмендегі жүлдегерлері Алматы қаласында өтетін мәдени-танымдық ауысымға жолдамалармен марапатталды.

Шрамко Николь

Совхоз орта мектебі

8

Қостанай ауданы

Муханбетжанов Арсен

№7 орта мектеп

8

Қостанай қаласы

Харченко Наталья

Новоселов орта мектебі

8

Қарасу ауданы

Утепбаева Аяна

Новоселов орта мектебі

8

Қарасу ауданы

Сапонько Максим

Новоселов орта мектебі

8

Қарасу ауданы

Кибок Максим

Новоселов орта мектебі

8

Қарасу ауданы

Коваленко Екатерина

№21 негізгі мектеп

8

Рудный қаласы

Биллер Владимир

№3 орта мектеп

7

Рудный қаласы

Авдиенко Марина

№1 Затобол орта мектебі

8

Қостанай ауданы

Гергардт Элина

№7 орта мектеп

8

Қостанай қаласы

     2016 жылғы 12 қарашада Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру және мәдени қарым-қатынасы шеңберінде, орыс тіліне және ол туралы ғылымға қызығушылықты дамыту мақсатында, тіл білімі саласында дарынды балаларды іздеп табу үшін, «Дарын» ӨҒПО бастамасымен Қазақстан Республикасында «Русский медвежонок – тіл білімі бәріне» атты интеллектуалдық ойын-конкурсы (әрі қарай – ойын) өтті. Ойын бес жасты топ бойынша өтті: 2-3, 4-5, 6-7, 8-9, 10-11 сыныптар. Әр жастың тобына орыс тілі және тіл білімі бойынша жеке нұсқаулы тапсырма ұсынылды.
     Ойынға Қостанай облысының 277 жалпы білім беретін мектептерінен 4 053 2-11 сынып оқушылары қатысты, ал өткен жылы 275 мектептен 3 880 оқушы (2015 ж. - 4 396 қатысушы; 2013 ж. - 5 123 қатысушы, 2012 ж. – 5 075 оқушы) қатысқан болатын. Көрсеткіштерден көріп тұрғанымыздай ағымдағы оқу жылында қатысушылар саны 173 оқушыға артқан. Оқушылары ойынға тұрақты белсенділікпен қатысатын аудандар мен қалалар білім бөлімдерінің мектептерін атауға болады: Рудный қаласы – 485 оқушы (2015 ж. - 533 оқушы), Қостанай ауданы – 478 оқушы (2015 ж. – 443, 2014 ж. – 375, 2013 ж. – 434), Таран ауданы – 343 оқушы оқушы (2015 ж. – 320).
     Конкурсқа Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Қарабалық аудандары, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты және Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары қатысқан жоқ.
     Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Ойынның қорытындысы нәтижесінде облыс бойынша 1920 жүлдегер анықталды, нәтижелік – 47,4 % (2015 ж. - 717 жүлдегер, нәтижелік – 18,5 %; 2014 ж. – 486 жүлдегер, нәтижелік 11 %; 2013 ж. – 451 жүлдегер - 8,8 %; 2012 ж. - 569 жүлдегер –– 11,2 %). Конкурстың қорытындысы бойынша конкурсқа қатысқан барлық өңірлер жоғарғы нәтиже көрсетті – 20 %-дан 64,5 %-ға дейін.
     Жүлдегерлер «Русский медвежонок-тіл-білімі бәріне» халықаралық ойын-конкурсының дипломдарымен марапатталды.
     Ойын қорытындысы бойынша жоғары ұпай санын жинап, 1 орын алған 110 жүлдегерді «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы бағалы сыйлықтармен марапаттады.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей білім Академиясының Нәтижелі оқыту Институты және British Institutesпен бірлесе отырып ағылшын тіліне қызығушылықты арттыру, лингвистика саласында дарынды балаларды анықтау, мектеп пен сыныптан тыс жұмысты жандандыру, ағылшын тілі мұғалімдерінің дәрежелерін жоғарылату мақсатында 2016 жылдың 15 желтоқсанында 3-11 сынып оқушылары үшін сегізінші жыл «British Bulldog» халықаралық ойын-конкурсын өткізді.
    Ойынға облыстың 155 жалпы білім мектептерінен 2 020 оқушы қатысты (өткен оқу жылында - 1 412 оқушы; 2014 ж. - 1 804 қатысушы; 2013 ж. - 2 018; 2012 ж. – 1 766). 2016-2017 оқу жылында ойынға облыстың 15 өңірі мен дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы және «Озат» мектеп-интернаттарынан оқушылар қатысты.
     Көрсеткіштерге жүгіне отырып, аталмыш байқауға 5 жыл ішінде балалардың қызығушылықтары артып, қатысушылар санының артқанын көруге болады.
     Ең жоғары қатысушылар саны Рудный қаласы - 367, Арқалық қаласы 207 және Әулиекөл ауданы – 209 жалпы білім мектептерінің оқушыларынан келіп түсті.
     Осы жылғы қатысушылардың барлығының нәтижелері жоғары болды: 87,2 % көрсеткіштен бастап, ең төмен көрсеткіш 20,4 % құрады. Облыс бойынша барлығы 1 133 жүлдегер анықталды, бұл қатысушылар санының 56,1 % -ын құрайды.
     Барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Жүлдегерлер «British Bulldog» халықаралық конкурсының дипломдарымен марапатталды.
     Сонымен қоса, ойынның жеңімпаздары - Қостанай облысынан ең жоғары ұпай санын жинаған 123 оқушы, Республикалық өңірлік ғылыми-практикалық орталығының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
     «Кенгуру-математика бәріне» халықаралық математикалық ойын – конкурсына оқушылар үлкен қызығушылық көрсетті. Ойын Қазақстан Республикасы бойынша 2017 жылдың 16 наурызында өтті. Ойынның мақсаты: математика пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдету, пәнге қызығушылықтарын дамыту, 3-10 сынып оқушылары арасында математикадан дарынды балаларды анықтау. Конкурсқа облыстың 140 мектебінен 2 463 оқушы қатысты (2016 ж. – 142 мектептен 2 477 оқушы; 2015 жылы – 354 мектептен 3 067 оқушы; 2014 жылы – 334 мектептен 3 060 оқушы; 2013 жылы – 359 мектептен 3 439 оқушы), бұл көрсеткіш оқушылардың қатысу белсенділігі өткен жылғыдан төмендегенін көрсетеді.
     Оқушылардың шетел тілдерін оқуға белсенділігін арттыру үшін 2017 жылғы 16 наурызда «Кенгуру-лингвист» (ағылшын және неміс тілдерінен) халықаралық ойыны өтті және бұл ойынға облыстың 3-11 сыныптарынан 760 оқушы қатысты (2016 ж. – 855 оқушы; 2015 жылы – 1 156 оқушы, 2014 жылы – 1233 оқушы).
     «Кенгуру–математика бәріне» және «Кенгуру-лингвист» конкурстарына қатысу үшін оқушыларды тарту бойынша жақсы жұмыс өткізген аудандар мен қалалар әкімдіктерінің білім бөлімдері: Рудный қаласы (406 – математика), Арқалық қаласы (339 – математика, 83 – шет тілдері), Сарыкөл ауданы (234 – математика, 119 – шет тілдері), Жітіқара ауданы (математика бойынша – 239, шет тілдері бойынша – 84 оқушы).
     «Кенгуру-математика бәріне» конкурсына Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Қостанай, Қарабалық, Науырзым, Ұзынкөл аудандары, дарынды балаларға арналған «Озат» және қазақ-түрік лицей-интернатының балалары қатысқан жоқ.
     «Кенгуру-лингвист» конкурсына Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Қостанай, Қарабалық, Науырзым, Ұзынкөл аудандары, Рудный қаласының оқушылары, дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-интернаты мен қазақ-түрік лицей-интернатының балаларынан қатысуға сұраныс түскен жоқ.
     853 оқушы математикалық конкурстың жеңімпазы атанды (2016 ж. – 1149; 2015 ж. – 312; 2014 ж. – 334; 2013 ж. – 359). Облыс бойынша І орынға 136 оқушы ие болды (2016 ж. – 102; 2015 ж. – 74; 2014 ж. – 156; 2013 ж. – 55 жеңімпаз), 210 адам ІІ орын (2016 ж. – 468; 2015 ж. – 70; 2014 ж. – 58; 2013 ж. – 89), 507 оқушы ІІІ орын (2016 ж. – 579; 2015 ж. – 168; 2014 ж. – 120; 2013 ж. - 215) алды.
     Тілдер бойынша конкурста 371 оқушы жүлдегер атанды (2016 ж. – 270; 2015 ж. – 135; 2014 ж. – 233; 2013 ж. – 169): 64 бірінші орын, 156 екінші орын, 151 үшінші орын. Өткен жылдың нәтижесі: 108 бірінші орын, 83 екінші орын, 79 үшінші орын.
     «Кенгуру-математика» және «Кенгуру-лингвист» конкурстарына қатысу сапасы жоғары деңгейде өтті. 2017 ж. облыс бойынша математикалық байқаудың қатысу сапасы – 34,6 % . Лингвистикалық конкурстың жалпы көрсеткіші – 48,8 %-ға жетіп, өткен жылғы көрсеткіштен (31,6%) біраз асып түсті.
     «Кенгуру-математика – бәріне» зияткерлік ойынында барлық өңірлердің қатысушылары жақсы нәтиже көрсетті: 12,2 %-дан 53,1 %-ға дейін.
     «Кенгуру-лингвист» ойын-конкурсында барлық қатысушы аудан, қалалар 40 %-дан жоғары көрсеткішке жетті. Жүлделі орын саны бойынша үздік нәтиже Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ оқушыларының еншісінде – 12 қатысушыдан 9 жүлдегер (сапалық көрсеткіші – 75 %).
     «Кенгуру-математика – бәріне» интеллектуалдық ойын-конкурсында 1 орын алған 20 оқушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сыйлықтарымен марапатталды.
     Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Кенгуру-математика – бәріне» интеллектуалдық ойын-конкурсында үздік нәтижеге жеткен оқушылар үшін халықаралық мәдени-танымдық ауысым өткізеді. Ауысымның мақсаты – қабілетті балаларға қолдау көрсету, ынталандыру, ағылшын тілі, математика бойынша білімдерін жетілдіру, басқа елдердің мәдениетімен таныстыру.
Ауысым 2017 жылдың 8-15 тамызы аралығында Румынияның Стража қаласында өтеді. Аталмыш ауысымға қатысу үшін Рудный қаласының № 4 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Ким Дмитрий шақырылды.
     Қазақстанның Ресеймен білім беру саласындағы қатынастарын бекіту аясында, сонымен қатар зерттеу қызметіне ынталандыру, мәліметтерді іздеу және анализ жасау қабілеттерін дамыту, әлем көркемөнер мәдениеті тарихына баулу мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей білім Академиясымен бірлесіп 2017 жылдың 26-29 ақпанында білім беру ұйымдары арасында «Золотое руно» халықаралық ойын-конкурсын өткізді.
     Конкурсқа 209 жалпы білім және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3-11 сыныптарынан 2 302 оқушы (2016 ж. – 2 193 оқушы, 230 мектеп; 2015 ж. – 2 825 оқушы, 268 мектеп; 2014 ж. – 240 мектептен 2 922 оқушы; 2013 ж. – 241 мектеп, 2 751 оқушы) қатысты. Ойынға облыстың 17 аймағынан оқушылар қатысты. Аманкелді, Денисов, Жангелдин, Қарабалық аудандары, Қостанай қаласының, дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты мен қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары ойынға қатысқан жоқ. Қатысушылық мониторингі аталған интеллектуалдық конкурсына жылдан жылға балалардың тұрақты қатысуын көрсетеді, биылғы оқу жылында қатысушылар саны аздап артқанын байқаймыз. 2016-2017 оқу жылында Қостанай ауданы – 317 оқушы, Сарыкөл ауданы – 250, Әулиекөл ауданы – 207, Арқалық қаласынан – 197 қатысушылар саны басқа аймақтармен салыстырғанда көп болды.
     Ойынның жүлдегерлер саны – 1 113 адам, 2016 ж. – 1 162. 2015 ж. – 415, 2014 ж. – 281, 2013 жылы – 311. Биылғы оқу жылында облыс бойыша 2 оқушы 60 ұпай, 31 қатысушы 59 ұпай санын жинады.
     Жүлделі орындар саны бойынша ең жоғары нәтиже Меңдіқара ауданының оқушыларында – 114 қатысушыдан 73 жүлдегер (ойынға қатысу сапасы – 64%); Аталмыш конкурсқа қатысқан барлық аудандар, қалалар оқушыларының көрсеткіштері жоғары екенін атап өткен жөн.Облыс бойынша орташа көрсеткіш - 48,2 %.
«Золотое Руно» халықаралық зияткерлік конкурсының жеңімпаздары – 33 оқушы сыйлықтармен марапатталды.
     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан мен Ресей арасында білім беру қарым-қатынасы шеңберінде Ресей білім академиясы солтүстік-батыс бөлімшесінің Инновациялық продуктивті білім беру институтымен бірлесе отырып 1-10 сынып оқушылары арасында 2017 жылғы 13 сәуірде «Адам және табиғат» ойын – конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізді.
     Конкурс сұрақтары табиғаттану, экология, биология, география, физика, астрономия пәндерімен байланысты. Байқау тапсырмалары 1-2, 3-4, 5-6, 7-8 және 9-10 сынып оқушылары үшін бес категорияға арналып берілді.
     Оқушыларға арналған байқауға 12 өңірден 1 586 оқушы қатысса, өткен оқу жылында 1 891 оқушы 16 өңірден (2015 ж. – 1 170; 2014 ж. – 1 428) оқушы қатысқан болатын.
Аталған байқауға белсенді қатысқан өңірлерді атап өтсек: Таран ауданы – 359 оқушы (2016 ж. – 296, 2015 ж. – 248); Сарыкөл ауданы – 183 оқушы.
     Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 28 ақпанында мектепке дейінгі балалар үшін «Адам және табиғат» конкурсы ұйымдастырылды. Байқаудың тақырыбы - «Күн, ауа және су...». Бұл байқауға 145 мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдардан 1 428 бала қатысты. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда екі есе көп - 129 мектепке дейінгі мекемелерден 785 бала.
     Ойынның жалпы қорытындысы төмендегідей:
• мектеп оқушылары бойынша - 1586 қатысушы, 533 жүлдегер;
• мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері – 1428 қатысушы, 796 жүлдегер.
     Ойынға қатысу сапасы облыс бойынша жоғары. Оқушылар бойынша – 33,6 %; мектепке дейінгі балалар бойынша – 55,7 %.
     Мектепке дейінгі балаларға арналған «Адам және табиғат» байқауында 1 орын алған 97 жеңімпаз сыйлықтармен марапатталды. Ал оқушылар арасында өткен «Адам және табиғат» байқауының 48 жеңімпазына «Дарын» ӨҒПО сыйлықтар ұсынды.
     Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылғы 10 наурызда жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына арналған «Атамекен» облыстық интеллектуалдық - танымдық ойыны өтті (бұдан әрі - ойын).
     Ойынның мақсаты: кіші мектеп жасындағы балалардың негізгі пәндерге қызығушылығын арттыру және танымдық белсенділігін дамыту; қабілетті балаларды анықтау және оларға алдағы уақытта қолдау көрсету.
    Ойын тапсырмасына мектеп бағдарламасындағы төрт негізгі пән: математика, қазақ тілі және орыс тілі, дүниетану бойынша сұрақтар кірді.
    Ойынға қатысуға Қостанай облысының жалпы білім беретін 212 мектептерінің 1-4 сынып оқушыларынан 3 793 өтініш түссе, өткен оқу жылында 213 мектептен 2 789 оқушы қатысты. 2015 жылы 239 мектептен 3 170 бала, 2014 жылы 250 мектептен 5 840 оқушы ойынға қатысуға өтініш білдірген. Ойынға Аманкелді, Денисов, Қарабалық аудандары мен Арқалық, Қостанай қаласының №10 орта мектебінен басқа мектептердің оқушылары қатысқан жоқ.
     Рудный қ. – 447 оқушы (2016 ж. – 448), Қостанай ауданы – 420 оқушы (2016 ж. – 304), Жітіқара ауданы – 291 қатысушы (2016 ж. – 302) оқушылары жақсы белсенділік танытты.
Ойын соңынан жоғары көрсеткішке ие болған өңірлер анықталды: Жітіқара ауданы – 291 қатысушыдан 105 жүлдегер (1 орын – 26; 2 орын – 38; 3 орын – 41; қатысу сапасы – 36,1%); Лисаков қаласы – 253 қатысушыдан 48 жүлдегер (1 орын – 1; 2 орын – 24; 3 орын – 23; қатысу сапасы – 19%); Қостанай ауданы – 420 қатысушыдан 79 жүлдегер (1 орын – 14; 2 орын – 11; 3 орын – 54; қатысу сапасы – 18,8%).
     Жалпы облыс бойынша в 2017 жылы 3 793 қатысушыдан 534 оқушы жүлделі орындарға ие болып, бұл қатысушылардың жалпы санының 14,1 % құрады (2016 ж. - 2 785 қатысушыдан 422 жүлдегер, қатысу сапасы - 15,1 %; 2015 ж. - 3 170 қатысушыдан 207 жүлдегер, қатысу сапасы - 6,5 %; 2014 ж. – 5 840 қатысушы, 840 жүлдегер, қатысу сапасы - 14,4 %).
     Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді, жүлдегерлер дипломдармен марапатталды. Ойын нәтижесі бойынша ең жоғары 60-59 ұпай жинаған 77 оқушыға танымдық кітаптар сыйға тартылды.
     Республикалық және халықаралық интеллектуалдық ойындардың қорытынды сараптамасы бойынша 2016-2017 оқу жылында «Ақ бота» марафонынан басқа жоғарыда аталған барлық ойын-конкурстарда оқушылардың қатысу белсенділігі өткен жылмен салыстырғанда артқан.
     Жалпы алғанда зияткерлік ойын-байқауларда облысымыздың аудан, қалалары мектептерінің оқушылары жақсы қамтылған. Жоғарыда аталған ойын-конкурстарға оқушылары қатыспайтын өңірлерді атап өтсек: Аманкелді, Жангелдин, Денисов, Қарабалық аудандары және дарынды балаларға арналған «Білім инновация» лицей-интернаты.
     Халықаралық, республикалық интеллектуалдық конкурстарының жүлдегерлері жыл сайын Қазақстан бойынша және шет елдерге мәдени-танымдық ауысымдарына, сауықтыру лагерлеріне жолдамалармен марапатталады. Ойындардың жүлдегерлері үшін мәдени-танымдық ауысымдар жүйелі түрде оқушылардың қысқы және жазғы демалыстар кезінде ұйымдастырылып, өткізіледі.
     Лагерлерге жолдамалармен марапаттау, сыйлықтар, дипломдар – осының барлығы балаларды зияткерлік ойындарда қатысуға ынталандырады, қосымша біліммен, ақыл-ойларын жаттықтырумен қоса, балалар жақсы, пайдалы демалады.

Анализ интеллектуальной деятельности школьников Костанайской области за 2016-2017 учебный год

     На сегодняшний день интеллектуальные игры заняли свое весомое место в образовательном пространстве. Они дают возможность раскрыться наиболее талантливым, эрудированным ребятам, тем, для кого знания, наука, творчество имеют первостепенное значение. Роль игры велика в развитии всех сторон человеческой личности - умственной, физической, нравственной, эстетической.
     Основной целью интеллектуальных игр являются повышение престижа знаний, способствование интеллектуальному развитию личности, воспитывать личность через развитие интереса к знаниям и разнообразные интеллектуальные игры.
     При проведении интеллектуальных игр ставятся также определенные задачи:
 формирование приемов умственных действий (анализ, синтез, сравнение, классификация, аналогия);
 развитие образного и логического мышления;
 развитие вариативности мышления, творческих способностей, воображения и конструктивных умений;
 развитие речи (умение обосновывать свои убеждения, строить простейшие умозаключения);
 формирование умений обдумывать и планировать действия, осуществлять решения, догадываться о результатах и проверять их строго подчиняющимся заданным правилам и алгоритмам.
     Согласно плану работы Республиканского научно-практического центра «Дарын» Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее РНПЦ «Дарын») ежегодно проводится ряд международных, республиканских интеллектуальных игр, конкурсов.
     В течение 2016-2017 учебного года проведены следующие: республиканский интеллектуальный марафон «Ақ бота», международный интеллектуальный конкурс «Русский медвежонок-языкознание для всех», международная интеллектуальная игра-конкурс «Золотое руно», международный конкурс «Британский бульдог», международный интеллектуальный конкурс «Кенгуру-математика для всех», международный конкурс «Кенгуру-лингвист», международный интеллектуальный конкурс-игра «Человек и природа» и международный интеллектуальный конкурс-игра «Человек и природа- дошкольники».
     Также учащиеся начальных классов нашей области в 2016-2017 учебном году приняли участие в областной интеллектуально-познавательной игре «Атамекен», которая была организована и проведена Региональным научно-практическим центром «Қостанай дарыны» (далее – РНПЦ «Қостанай дарыны»).
     Старт интеллектуальным играм дал республиканский интеллектуальный марафон «Ақ бота» среди учащихся 3-10 классов, который состоялся 30 октября текущего года по следующим предметам:
3-4 классы - казахский язык (русский язык), математика, естествознание;
5-8 классы - казахский язык (русский язык), математика, биология;
9-10 классы - казахский язык (русский язык), математика, физика, химия.
     В марафоне приняли участие 5 535 учащихся (в 2015 г. - 6 384, 2014 г. - 8 546, 2013 г. - 9 228, 2012 г. – 8 508) из 315 общеобразовательных школ Костанайской области. В игре не приняли участие школьники Алтынсаринского, Аманкельдинского, Денисовского, Жангельдинского, Карабалыкского, Мендыкаринского районов и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.
    По сравнению с показателями 2015 года количество участников сократилось на 849 человек. Результативность участия составила в текущем году 36,7 % - 2032 призера (2015 г. - 12,7 % - 786 призеров; 2014 г. - 9,6 % - 824 призера; в 2013 г. - 11,1 % - 1024 призера, в 2012 г. - 1018 призеров).
     Ежегодно активное участие в данном интеллектуальном марафоне принимают учащиеся школ Костанайского (841), Аулиекольского (611 человек), Сарыкольского (437), Тарановского (427), Житикаринского (415) районов и города Рудного (730).
     Из 16 регионов и специализированных учреждений образования, принимавших участие в интеллектуальном марафоне, самую высокую результативность участия показали учащиеся Житикаринского района - 265 призеров из 415 участников (63,8 %). Средний показатель по области – 36,7%, что является самым высоким по сравнению с показателями прошлых лет.
     По итогам интеллектуального марафона призеры награждены дипломами.
     Ежегодно по итогам марафона Республиканским научно-практическим центром «Дарын» организуются республиканские, международные культурно-познавательные, профильные смены для победителей и призеров интеллектуального марафона «Ақ бота».
     С 22 по 25 декабря 2016 года следующие призеры республиканского интеллектуального марафона «Ақ бота-2016» награждены путевками в город Алматы для участия в культурно-познавательной смене:

№ п/п

Ф.И. участника

Школа

Класс

Регион

1

Шрамко Николь

Совхозная средняя школа

8

Костанайский

2

Муханбетжанов Арсен

Средняя школа №7

8

Костанай

3

Харченко Наталья

Новоселовская средняя школа

8

Карасуский

4

Утепбаева Аяна

Новоселовская средняя школа

8

Карасуский

5

Сапонько Максим

Новоселовская средняя школа

8

Карасуский

6

Кибок Максим

Новоселовская средняя школа

8

Карасуский

7

Коваленко Екатерина

Основная школа №21

8

Рудный

8

Биллер Владимир

Средняя школа №3

7

Рудный

9

Авдиенко Марина

Затобольская средняя школа №1

8

Костанайский

10

Гергардт Элина

Средняя школа №7

8

Костанай

     12 ноября 2016 года в рамках образовательного и культурного сотрудничества Казахстана с Россией, с целью привития интереса к русскому языку и науке о нем, выявления детей, одаренных в области языкознания, по инициативе РНПЦ «Дарын» в Республике Казахстан прошла международная игра-конкурс «Русский медвежонок – языкознание для всех» (далее – игра). Игра проходила по пяти возрастным группам: 2-3, 4-5, 6-7, 8-9, 10-11 классы. Каждой возрастной группе был предложен свой вариант заданий по русскому языку и лингвистике.
     В игре по Костанайской области приняли участие 4 053 учащихся 2-11 классов из 277 школ области, тогда как в прошлом году участвовали 3 880 из 275 школ области (2014 г. - 4 396 школьников из 303 школ; 2013 г. - 5 123 школьников из 303 школ; 2012 г. - 5 075, 313 школ). Как видно из показателей, количество участников в этом учебном году увеличилось на 173 человека. Следует отметить регионы, которые активно участвуют в игре: город Рудный – 485 участников (2015 г. - 533), Костанайский район – 478 учащихся (2015 г. – 443; 2014 г.– 375; 2013 г. - 434), Тарановский – 343 (2015 г. – 320).
     В конкурсе не участвовали учащиеся Амангельдинского, Жангельдинского, Денисовского, Карабалыкского районов, казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей и школы-интерната для одаренных детей имени И. Алтынсарина.
     По результатам конкурса в области определены 1 920 призеров, результативность составляет – 47,4 % (2015 г. – 717 призеров, результативность - 18,5 %; 2014 г. - 486 призеров, результативность – 11 %; 2013 г. – 451 призер – 8,8 %; 569 призеров – 11,2 % - в 2012 г). По результатам конкурса все регионы, участвовавшие в конкурсе показали высокие результаты – от 20 % до 64,5 %.
     Призеры игры награждены дипломами международной игры-конкурса «Русский медвежонок - языкознание для всех».По итогам игры 110 участников, набравшие высокие баллы по области и занявшие 1 место, награждены Республиканским научно-практическим центром «Дарын» ценными призами.
     Республиканский научно-практический центр «Дарын» совместно с Институтом продуктивного обучения Российской Академии образования и British Institutes с целью повышения интереса к английскому языку, выявления детей, одаренных в области лингвистики 15 декабря 2016 года провел игровой конкурс «British Bulldog» для учащихся 3-11 классов.
     В конкурсе приняли участие 2 020 учащихся общеобразовательных организаций образования 155 школ области (2015 г. – 1 395, 2014 г. – 1 784, 2013 г. – 2 018, 2012 г. - 1 766).
В этом учебном году в игре участвовали учащиеся из 15 регионов, школ-интернатов для одаренных детей имени И. Алтынсарина и «Озат».
     Как видно из показателей, в данном конкурсе в течение 5 лет наблюдается повышение интереса к игре и рост количества участников. Наибольшее количество участников было заявлено из общеобразовательных школ города Рудного — 367, Аулиекольского района — 209, города Аркалыка – 207 участника.
     В этом учебном году все регионы, принявшие участие в конкурсе показали высокую результативность: самый высокий показатель – 87,2%, самый низкий – 20,4%. Всего призеров по области – 1 133 человек,что составляет 56,1 % от количества участников. Участники игры получили сертификаты, а призеры игры награждены дипломами. Кроме этого, победители конкурса, 123 учащихся области, награждены ценными призами (познавательные книги) Республиканского научно-практического центра «Дарын».
     Международная математическая игра-конкурс «Кенгуру-математика для всех» всегда вызывает у детей большой интерес. Конкурс состоялся 16 марта 2017 года.
     Цель игры: углубление знаний школьников по математике, развитие интереса к изучаемому предмету, выявление способных детей среди школьников 3-10 классов. В этом году в конкурсе приняли участие 2 463 учащихся 3-10 классов из 140 школ Костанайской области (2016 г. - 2 477 учащихся из 142 школ, 2015 г. – 3 067 учащихся из 354 школ, 2014 г. – 3 060 учащихся из 334 школ, 2013 г. – 3 439 учащихся из 359 школ).
     Для повышения интереса учащихся к изучению иностранных языков, 16 марта 2017 года состоялась международная игра «Кенгуру-лингвист» (по английскому и немецкому языкам), в которой участвовало 760 учащихся 3-11 классов (2016 г. – 855 учащихся; 1 156 учащихся из 95 школ - 2015 г.; 1 213 учащихся из 115 школ – 2014 г.; 1 590 участников из 120 школ - 2013 г.) из 81 школы области.
     Эффективную работу по привлечению школьников к участию в конкурсах «Кенгуру-математика – для всех» и «Кенгуру-лингвист» провели отделы образования города Рудного (406 - математика), города Аркалыка - (339 – математика, 83 – иностранные языки), Сарыкольского района (234 – математика, 119 - иностранные языки), Житикаринского района (математика – 239, 84 - иностранные языки).
     В математическом конкурсе не приняли участия школьники Аманкельдинского, Денисовского, Жангельдинского, Костанайского, Карабалыкского, Наурзумского, Узункольского районов, школы-интерната для одаренных детей «Озат», казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.
     Не поступило заявок на участие в конкурсе «Кенгуру-лингвист» из Аманкельдинского, Денисовского, Жангельдинского, Костанайского, Карабалыкского, Наурзумского, Узункольского районов, города Рудного, школы-интерната для одаренных детей «Озат», казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.
     Призерами математического конкурса стали 853 учащихся (в 2016 г. – 1 149; 2015 г. – 312; 2014 г. – 334; 2013 г. - 359). І место по области заняли 136 учащихся (в 2016 г. – 102; 2015 г. – 74; 2014 г. – 156; 2013 г. - 55 победителей), II место заняли 210 человек (в 2016 г. - 468; 2015 г. – 70; 2014 г. – 58; 2013 г. - 89), III место – 507 учащихся (в 2016 г. – 579; 2015 г. – 168; 2014 г. – 120; 2013 г. - 215).
     Призерами языкового конкурса стали 371 учащихся (в 2016 г. – 270; 2015 г. – 135; 2014 г. – 233; 2013 году - 169): 64 первых мест, 156 вторых мест, 151 третье место. Результаты прошлого года: 108 первых мест, у 83-х - второе место, у 79 - третьи места.
     В 2016-2017 учебном году участники математического конкурса нашей области показали высокое качество участия - 34,6 %. Результативность участия в конкурсе «Кенгуру-лингвист» составила 48,8 %, что заметно превышает прошлогодний показатель, который был также неплохим - 31,6 %. Хорошие результаты в интеллектуальной игре «Кенгуру-математика для всех» показали участники из всех регионов от 12,2 % до 53,1 %. В игровом конкурсе «Кенгуру-лингвист» все участники показали выше 40 % качества. Лучший результат по количеству призовых мест имеют учащиеся ШОД им. И. Алтынсарина – 9 призеров из 12 участников (% качества – 75%). 20 участников, занявшие 1 места в игре «Кенгуру-математика для всех» награждены ценными подарками РНПЦ «Дарын».
     Республиканский научно-практический центр «Дарын» проводит международную профильную смену по математике в Румынии для победителей и призеров международного интеллектуального конкурса «Кенгуру – математика для всех». Цель смены – поддержка, поощрение одаренных детей, совершенствование знаний по математике, английскому языку, ознакомление с культурой других стран. Смена пройдет с 8 по 15 августа 2017 года в г. Стража. Для участия в данной смене приглашен учащийся 8 класса средней школы №4 г. Рудного Ким Дмитрий.
     В рамках укрепления образовательного сотрудничества Казахстана с Россией, а также в целях приобщения школьников к истории мировой художественной культуры, стимулирования исследовательской деятельности, побуждению учащихся к самостоятельной работе с источниками знаний, развития умений по поиску и анализу информации Республиканский научно-практический центр «Дарын» совместно с Российской Академией образования провел 26-29 февраля 2017 года в организациях образования республики Международный игровой конкурс «Золотое руно».
     В конкурсе приняли участие 2 302 учащихся 3-11-х классов из 209 общеобразовательных и специализированных учреждений образования. (2016 г. - 2 183 учащихся из 230 школ; 2015 г. – 2 800 учащихся из 268 школ; в 2014 году - 2 922 учащихся из 240 школ; в 2013 году – 2 751 учащихся из 241 школы).
     В конкурсе приняли участие школьники из 17 регионов области. Не приняли участие в конкурсе учащиеся Аманкельдинского, Денисовского, Жангельдинского, Карабалыкского районов, города Костаная, школы-интерната для одаренных детей имени И. Алтынсарина, казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.
     Мониторинг участия показывает, что в данном интеллектуальном конкурсе наблюдается небольшое увеличение количества участников.
В 2016-2017 учебном году наибольшее количество учащихся приняло участие из Костанайского района – 317 человек; Сарыкольского района – 250; Аулиекольского района – 207, города Аркалык - 197.
     Количество призеров составило – 1 113 человек, в 2016 г. – 1 162, 2015 г. – 415, 2014 г. – 281, 2013 г. – 311 призеров. В этом году по области 2 учащихся набрали наивысший балл – 60, 31 участник набрал 59 баллов. Лучший результат по количеству призовых мест занимают учащиеся Мендыкаринского района - 73 призера из 114 участников (% качества составил – 64 %). Все регионы, принявшие участие в конкурсе показали хорошие результаты. Средний показатель по области – 48,2 %.
33 учащихся, победители международного интеллектуального конкурса «Золотое Руно», награждены ценными подарками Республиканского научно-практического центра «Дарын».
     В рамках образовательного сотрудничества Казахстана с Россией 13 апреля 2017 года состоялся международный интеллектуальный игровой конкурс «Человек и природа» (далее – конкурс). Организатором конкурса является РНПЦ «Дарын» совместно с Инновационным институтом продуктивного обучения СЗО РАО и Новосибирским центром продуктивного обучения.
     Главная направленность конкурса – человек и окружающий мир, взаимосвязь человека и природы, человека и окружающей действительности. Вопросы конкурса связаны с такими предметами, как природоведение, экология, биология, география, физика, астрономия и т.д. Задания конкурса предназначены для пяти возрастных категорий учащихся: 1-2, 3-4, 5-6, 7-8 и 9-10 классов.
     Также 28 февраля текущего года состоялся международный интеллектуальный конкурс «Человек и природа» для дошкольников, тема конкурса – «Солнце, воздух и вода…».
     В конкурсе для школьников приняли участие 1 586 учащихся из 12 регионов, тогда как в прошлом году участвовали 1 891 учащихся из 16 регионов (2015 г. - 1 170 школьников из 11 регионов области; 2014 г. - 1 428 участников, 6 регионов). Необходимо отметить регионы, которые активно участвовали в данном конкурсе: Тарановский район – 359 учащихся (2016 г. – 296 учащихся, 2015 г. - 248), Сарыкольский район – 183 учащихся.
     В конкурсе для дошкольников приняли участие 1 428 детей из 145 школ и организаций для дошкольников, что в два раза больше, чем в прошлом учебном году – 785 детей из 129 школ и организаций для дошкольников.
     Итоги конкурса по области в категории школьников: 1 586 участника, 533 призера; в категории дошкольников – 1 428 участников, 796 призера. Качество участия в конкурсе составляет: школьники – 33,6 %; дошкольники – 55,7 %. 97 дошкольников, набравших максимальное количество баллов (15 баллов) и 48 школьников (120-115 баллов) по итогам игрового конкурса «Человек и природа» награждены ценными призами.
     Согласно плану работы Регионального научно-практического центра «Қостанай дарыны» Управления образования акимата Костанайской области 10 марта 2017 года состоялась областная интеллектуально-познавательная игра «Атамекен» для учащихся начальных классов общеобразовательных школ (далее - игра). Цель игры: развитие познавательной активности и повышение интереса детей младшего школьного возраста к основным предметам; выявление способных детей и дальнейшая их поддержка. В задания игры вошли вопросы по трем основным предметам: математике, казахскому или русскому языкам и познанию мира.
     Для участия в игре принято заявок от 3 793 учащихся из 212 школ Костанайской области, тогда как в прошлом учебном году было заявлено 2 789 учащихся из 213 школ, 2015 г. - 3 170 участников из 239 школ, в 2014 г. – 5 840 учащихся из 250 школ; 2013 г. - 2 442 участников из 217 школ области. В игре не приняли участие учащиеся Аманкельдинского, Денисовского, Карабалыкского районов и города Костаная (за исключением средней школы №10).
     Наибольшую активность проявили учащиеся из города Рудного – 447 участников (2016 г. – 448; 2015 г. – 587; 2014 г. - 753), Костанайского района – 420 участников, Житикаринского района – 291 участник (в 2016 г. – 302; 2015 г. – 361; 2014 г. – 512).
     По итогам игры определены регионы, имеющие высокую результативность: Житикаринский район - 105 призеров из 291 участников (1 м. – 26; 2 м. – 38; 3 м. – 41; качество участия – 36,1 %); г. Лисаковск – 48 призеров из 253 участников (1 м. – 1; 2 м. – 24; 3 м. – 23; качество участия – 19 %), Костанайский район – 79 призеров из 420 участников (1 м. – 14; 2 м. – 11; 3 м. – 54; качество участия – 18,8 %).
     Всего по области в 2017 году из 3 793 участников 534 учащихся заняли призовые места, что составляет 14,1 % от общего количества участников (показатели 2016 г. - 2 785 участников, 422 призера, результативность - 15,1 %; 2015 г. - 3 170 участников, 207 призеров, результативность - 6,5 %; 2014 г. – 840 призеров из 5 840 участников, результативность 14,4 %).
     Всем участникам вручены сертификаты, призеры награждены дипломами. 77 победителей игры, набравшие 60-59 баллов, получили в подарок познавательные книги.
     Анализ итогов республиканских и международных интеллектуальных игр показал, что в этом учебном году наблюдалось повышение активности участия в вышеперечисленных играх по сравнению с прошлым годом, лишь в игре «Ақ бота» наблюдается снижение количества участников.
     В целом в интеллектуальных играх, конкурсах охвачены учащиеся всех регионов нашей области, за исключением учащихся общеобразовательных организаций образования Аманкельдинского, Жангельдинского, Денисовского, Карабалыкского районов и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей. Следует отметить, в 2016-2017 учебном году в интеллектуальных играх активно принимали участие учащиеся лишь нескольких школ города Костаная (школа-лицей № 2, школа-гимназия № 3, средняя школа № 7, школа-лицей № 18).
Призеры международных, республиканских интеллектуальных конкурсов ежегодно награждаются путевками в культурно-познавательные смены, оздоровительные лагеря по Казахстану и за рубежом, ценными призами. Культурно-познавательные смены для призеров игр организуются и проводятся регулярно в период зимних и летних каникул учащихся.
     Награждение путевками в лагеря, ценные призы, дипломы являются стимулом детей к участию в интеллектуальных играх. Помимо дополнительных знаний, тренировки ума, ребята получают хороший, полезный отдых. 
Наш официальный сайт

www.kostdaryn.kz  

План мероприятий РНПЦ "Костанай дарыны" на 2018 год

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Костанайского района

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по казахскому языку и литературе для учащихся 7-10 классов

подробнее

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Алтынсаринского и Сарыкольского районов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по географии для учащихся 7-10 классов

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Мендыкаринского и Узункольского районов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады Funny English для учащихся 2-4 классов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по истории Казахстана для учащихся 7-10 классов

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Алиекольского, Карасуского и Нарузумского районов

РНПЦ "Костанай дарыны" 2006 © Все права защищены
ВебСтолица.РУ: создай свой бесплатный сайт!  | Пожаловаться  
Движок: Amiro CMS