АНОНС НОВОСТИ

 

 

Итоги игр 2012-2013 года

  Қостанай облысы оқушыларының 2012-2013 оқу жылындағы зияткерлік қызметінің сараптамасы 

      Соңғы онжылдықта біздің мәдениетімізде «Зияткерлік ойындар» атты толығымен дербес көрініс қалыптасты. Ол білім, ғылым, шығармашылық ең басты құндылық деп есептейтін дарынды, білімді балалардың ашылуына мүмкіндік береді. Сонымен қоса бұл ойын-байқаулар пәндік олимпиада, ғылыми жарыстар, әр түрлі факультативтермен салыстырғанда зияткерлік қызметті қызықты көрініске, еліктіргіш сайсықа айналдыруға септігін тигізеді. Сол себептен де болар зияткерлік ойындарға қызығушылықпен тек қана төменгі сынып мектеп оқушылары ғана қарамайды, сонымен қатар жасөспірімдер, жоғарғы сынып оқушылары, студенттер ойнайды.  
    Ойындар тұлғаның қалыптасуындағы басты әдістердің бірі болып табылады. Пән әлемін және адам қатынастары әлемін игеруіне белсенді қатысуы балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді.  
     Зияткерлік ойындар, конкурстар балалардың бос уақыттын қызықты өткізуге, ақыл-ой, қиялдану қабілеттерін, сөздік қорын дамытуға, сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.
    «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарымен сәйкес әр оқу жыл сайын бір қатар халықаралық, республикалық зияткерлік ойындар, конкурстар өткізіледі. 2012-2013 оқу жылы бойында келесі ойындар мен конкурстар өткізілді: «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафоны, «Русский медвежонок - тіл білімі бәріне» халықаралық интеллектуалдық конкурсы, «Золотое руно» халықаралық интеллектуалдық ойын-конкурсы, «Британ бульдогы» халықаралық конкурсы және «Кенгуру-математика бәріне» халықаралық интеллектуалдық конкурсы, «Кенгуру-лингвист» республикалық конкурсы.
    Сонымен қатар 2012-2013 оқу жылында «Қостанай дарыны» ӨҒПО «Атамекен» атты алғашқы облыстық зияткерлік-танымдық ойынын ұйымдастырып өткізді.  
    Дәстүр бойынша оқу жылы басында 3-10 сыныптың оқушылары арасында «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафоны келесі пәндер бойынша өтті:  3-4 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, жаратылыстану;  5-8 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, биология;  9-10 сыныптар - қазақ (орыс тілдері), математика, физика, химия.
     Биылғы жылы марафон 2012 жылғы 30 қазанда өтті. Марафонға қатысу үшін Қостанай облысының 380 жалпы білім мектептерінен 8 584 (2011 жылы – 10 490, 356 мектеп) оқушы қатысты. Марафонға Денисов ауданы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп интернаты және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ.
   Осы жылы қатысушылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда (1 982 адам – 19 %-ға ) төмендеді. Өткен жылмен салыстырғанда қатысу сапасы көтеріліп, 12 %-ды құрады – 1 018 жүлдегер (2011 жылы - 1 150 жүлдегер - 11 %) болды.  
   Аталмыш интеллектуалдық марафонына өткен жылдардағыдай Қостанай қ. (1 648), Рудный қ. (952), Арқалық қ. (498), Қостанай ауданы (686), Жітіқара ауданы (626), Әулиекөл ауданынан (587 адам), Қарабалық ауданы (478) оқушылары белсенді ат салысты.  
   Интеллектуалдық марафонға қатысқан 20 аймақ пен мамандандырылған білім мекемелерінің ішінен Жанкелдин – 0,6%, Алтынсарин – 3,6 % аудандарының оқушылары төмен нәтиже көрсетті. Жітіқара ауданы – 626 қатысушыдан 149 жүлдегер (23,8 %), Қамысты ауданы – 243 қатысушыдан 78 жүлдегер (32,1 %), Қостанай қаласы – 1 648–ден 292 жүлдегер (17,7 %), Аманкелді ауданы – 181-ден 31 жүлдегер (10,9 %), Мендіқара а. – 412-ден 45 жүлдегерлер (10,9 %) оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.  
    Интеллектуалдық марафонның қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлерге дипломдар тапсырылды.  
   Жыл сайын қысқы және жазғы демалыс кезінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы зияткерлдік ойын-конкурстардың жүлдегерлеріне арналған мәдени-танымдық ауысымдар ұйымдастырады.  
    2012-2013 оқу жылынды «Ақ бота» республикалық интеллектуалдық марафонынының қорытындысы бойынша жоғары ұпай санын жинаған 7-8 сынып оқушылары үшін Алматы қаласына мәдени-танымдық ауысымы ұйымдастырылды: Қостанай қаласы №7 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Дубогрей Максим; Қостанай қаласы №13 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Курышкина Екатерина; Жітіқара ауданы гимназиясының 8 сынып оқушысы Рахимова Альфия; Жітіқара ауданы №12 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Палий Екатерина; Рудный қаласы №3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Печерная Мария; Мендіқара ауданы Красносельская орта мектебінің 7 сынып оқушысы Смирнова Ангелина; Жітіқара ауданы № 3 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шнарбаева Гаухар; Қостанай қаласы №7 орта мектебінің 7 сынып оқушысы Пак Алексей.  
   Сонымен қатар, қатысушылар мен үйлестірушілер ойындардың мәліметтерін толтыру және тапсыру кезінде көптеген қате жіберетінін айта кету қажет (қатысуға өтінімдердің уақытында берілмеуі; бланк қағаздарды толтыру бойынша; мектептердің 8 - нөмірлі кодын нұсқау бойынша; сыныптың, қатысушының аты-жөнін, оқыту тілін нұсқау бойынша; конверттерді ресімдеу бойынша; мектептердің, кодтардың, сынып бойынша қатысушылардың санын көрсететін жапсырмалардың жоқтығы; уақытында қатысушылардың тізімін электрондық түрде жібермеуі).
     2012 жылғы 15 қарашада Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру және мәдени қарым-қатынасы шеңберінде, орыс тіліне және ол туралы ғылымға қызығушылықты дамыту мақсатында, тіл білімі саласында дарынды балаларды іздеп табу үшін «Дарын» ӨҒПО бастамасымен Қазақстан Республикасында «Русский медвежонок – тіл білімі бәріне» конкурсы өтті. Ойын бес жасты топ бойынша өтті: 2-3, 4-5, 6-7, 8-9, 10-11 сыныптар. Әр жастың тобына орыс тілі және тіл білімі бойынша жеке нұсқаулы тапсырма ұсынылды.  
      Конкурсқа Қостанай облысының 313 мектебінен 5 075 2-11 сынып оқушылары қатысты, ал өткен жылы 281 мектептен 4 522 оқушы қатысқан болатын. Биыл қатысушылар санының 553 адамға көбейгені көрінеді. Аталмыш ойын конкурсы оқушылар мен мұғалімдер тарапынан ерекше қызығушылыққа ие, себебі тапсырмалар сапалы жасалған, орыс тілінен мектеп бағдарламсын қамтып қана қойма, тілі білімі мен әдебиеттен білімдерін тереңдетуге септігін тигізеді.      Қатысушылар саны жоғары аймақтарды атап өту керек: Қостанай қаласы (1026), Рудный қаласы (663), Жітіқара ауданы (503), Қарабалық ауданы (363), Әулиекөл ауданы (313). Барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды.  
     Конкурсқа Жанкелдин ауданы және «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары қатысқан жоқ.
     Конкурстың қорытындылары бойынша облыс бойынша 569 жүлдегер анықталды, нәтижелілік – 11,2 % (2011 ж. - 678 жүлдегер, 15,2%). Конкурстың нәтижесі бойынша ең жоғарғы көрсеткіш дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушыларында: 28 қатысушыдан 7 жүлдегер (25 %), Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты – 62-ден 14 жүлдегер (22,6 %), Алтынсарин ауданы – 19-дан 3 жүлдегер, Әулиекөл ауданы – 313-тен 46 жүлдегер (14,7 %), Жітіқара ауданы – 503-тен 74 жүлдегер (14,7 %), Қостанай қ. – 1026-дан 134 жүлдегер (13,1%).  
     Қатысушылар «Русский медвежонок-тіл-білімі бәріне» халықаралық ойын-конкурсының сертификаттарын, ал жүлдегерлер дипломдарын алды.  
    «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей білім Академиясының Нәтижелі оқыту Институты және British Institutes-пен бірлесе отырып ағылшын тіліне қызығушылықты арттыру, лингвистика саласында дарынды балаларды анықтау, мектеп пен сыныптан тыс жұмысты жандандыру, ағылшын тілі мұғалімдерінің дәрежелерін жоғарылату мақсатында 2012 жылдың 19 желтоқсанында 3-11 сынып оқушылары үшін «British Bulldog» конкурсын өткізді. Конкурсқа облыстың 196 мектебінен 1766 оқушы қатысты (өткен оқу жылында – 128 мектептен 2 279 оқушы). Біздің өңіріміздің оқушылары жыл сайын «British Bulldog» конкурсына белсенді қатысып жүр. Оның себебі ағылшын тілінің бүкіл әлемде ғана емес, біздің елімізде де қажеттілінің маңыздылығына байланысты. Онымен қоса тапсырмалардың сапасы да жақсы: көркем, қызықты, баланың тек білімін шыңдауына мүмкіндік туғызуына қоса, ой-өрісінің жоғарылауына, оқып жатқан тілдің елі туралы жалпы танымын жоғарылатады.  
     Осы жылы ойынға 16 аймақтың оқушылары қатысты, былтыр 13 өңірден қатысқан болатын.  
    Конкурстың қорытындысы бойынша 194 жүлдегерлер анықталды (өткен оқу жылында – 232). Басқа аймақтарға қарағанда жоғары нәтижеге келесі аудандарының, қалалардың қатысушылары жетті: Қостанай қаласы – 404 қатысушыдан 91 жүлдегер (22,5 %), Рудный қаласы – 236 қатысушыдан 43 жүлдегер (18,2 %), Ұзынкөл ауданы – 74 қатысушыдан 16 жүлдегер (21,6 %). Барлық қатысушылар сертификаттар алды. Жүлдегерлер «British Bulldog» халықаралық конкурсының дипломдарымен марапатталды.
    Бұрыннан бері математика барлық ғылымдардың патшасы деп есептеледі. Бұған «Кенгуру-математика бәріне» халықаралық математикалық ойын – конкурсына балалар мен педагогтардың үлкен қызығушылығы дәлел. Ойынның мақсаты: математикадан оқушылардың білімін тереңдету, оқыған пәнге қызығушылықты дамыту, 3-10 сыныптар арасында дарынды балаларды айқындау. Осы жылы конкурс 2013 жылғы 19 наурызда өтті, оған облыстың 275 мектептерінен 3-10 сыныптардан 3 439 оқушы қатысты (2012 жылы – 280 мектептен 3 623 оқушы).
    Оқушылардың шетел тілдерін оқуға қызығушылығын арттыру үшін 2013 жылғы 10 мамырда «Кенгуру-лингвист» (ағылшын және неміс тілдерінен) ха- лықаралық ойыны өтті және бұл ойынға облыстың 126 мектептерінен 3-11 сы- ныптың 1 590 оқушы қатысты (2012 жылы -111 мектептен 1 346 оқушы). Көр- сеткіштер бойынша ойынға қатысушылардың саны 244 адамға көбейген. Бұл көрсеткіш, байқаудың оқу жылының соңында өтуіне қарамастан көтерілуде.
   «Кенгуру-математика – бәріне» және «Кенгуру-лингвист» конкурсына оқушыларды тартуы бойынша Қостанай қаласы (699 - математика, 278 – шетел тілдері), Рудный қаласы (325 - математика, 234 – шетел тілдері), Жітіқара ауданы (математика бойынша – 305, шетел тілдері бойынша – 172) тиімді жұмыс атқарған.  
   Математикалық конкурсқа Алтынсарин, Аманкелді, Жанкелдин, Сарыкөл, Федоров аудандары және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары қатысқан жоқ. «Кенгуру-лингвист» конкурсына Алтынсарин, Аманкелді, Жанкелдин, Наурзум аудандарының балалары қатысқан жоқ.
    359 оқушы математикалық конкурстың жеңімпазы атанды (2012 жылы – 360). Облыс бойынша І орынға 55 адам ие болды (2012 ж. – 60 жеңімпаз), 89 адам ІІ орын (2012 ж.- 143), 215 адам ІІІ орын (2012 ж. -157) алды. Тілдер бойынша конкурста 169 оқушы жеңімпаз атанды (2012 жылы – 141): 119 бірінші орын, 12 екінші орын, 38 үшінші орын. Өткен жылдың нәтижесі: 13 бірінші орын, 40 екінші орын, 88 үшінші орын. Екі байқаудың нәтижесіне келсек, «Кенгуру-математика» ойын конкусына қатысу сапасы көтерілсе (10,4%) %, «Кенгуру-лингвист» конкурсының көрсеткіштері өткен жылғы қалпында қалған (2012 ж. - 10,5%, 2013 ж. - 10,6%,).
    «Кенгуру-математика» интеллектуалдық ойынында жақсы ңәтиже көрсеткен аймақтар: Жітіқара ауданы – 305 қатысушыдан 87 жүлдегер (сапалық % – 28,5%), Қостанай қаласы – 699 қатысушыдан 156 жүлдегер (сапалық % – 22,3 %), Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты қаласы – 30 қатысушыдан 4 жүлдегер (сапалық % – 13,3 %), Әулиекөл ауданы - 271 қатысушыдан 32 жүлдегер (сапалық % – 11,8 %). Наурзым, Алтынсарин аудандарының конкурсқа қатысушылары жүлделі орыннан тыс қалды.
    «Кенгуру-лингвист» ойын-конкурсында жүлделі орындар саны бойынша осымен үшінші жыл Ы. Алтынсарин атындағы ДБМ оқушылары үздік нәтиже көрсетіп жүр – 29 қатысушыдан 10 жүлдегер (сапалық % -ы – 34,5%); Меңдіқара ауданы - 58 қатысушыдан 14 жүлдегер (сапалық % – 24,1 %; Қостанай қаласы – 278 қатысушыдан 61 жүлдегер (сапалық % – 21,9 %); Сарыкөл ауданы - 43 қатысушыдан 7 жүлдегер (% сапалық – 16,3 %); Рудный қаласы - 234 қатысушыдан 31 жүлдегер (сапалық %– 13,2 %) оқушылары жақсы көрсеткіштерге жетті.  
     Қазақстанның Ресеймен білім беру саласындағы қатынастарын бекіту аясында, сонымен қатар зерттеу қызметіне ынталандыру, мәліметтерді іздеу және анализ жасау қабілеттерін дамыту, өз ойын қалыптастыру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ресей білім Академиясымен бірлесіп 2013 жылдың 15-18 ақпанында білім беру мекемелері арасында «Золотое руно» халықаралық ойын конкурсын өткізді. Конкурсқа 241 жалпы білім және мамандандырылған білім беру мекемелерінің 3-11 сыныптарынан 2 751 оқушы (2012 ж. – 4 395 оқушы) қатысты.  
    Аталмыш байқауға оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер үлкен қызығушылық танытып жүр және осыған дейін ең тұрақты конкурс деп атауға болатын. Дегенмен биылғы оқу жылында қатысушылар саны 1 644 балаға қысқарды.
     Конкурсқа облыстың 19 аймағынан және дарынды балаларға арналған білім мекемелерінен оқушылар қатысты. Аманкелді, Жанкелдин аудандары, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты және дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары ойынға қатысқан жоқ. Рудный қаласы – 380 (2012 ж. – 660 адам), Қостанай қаласы – 377 (2012 ж. - 391), Жітіқара ауданы – 268 (2012 ж. - 573), Қарабалық ауданы – 208 (2012 ж. – 454 адам).  
     Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы қатысушылармен қоса жүлдегерлер саны азайған - 311 адам, 2012 жылы – 449. Осы жылы 40 оқушы жеңімпаз атанды. 78 адам екінші орын алды және 193 адам үшінші орын алды. Қатысу сапасы 0,9 %-ға жақсарған (11,3 %), 2012 ж. – 10,4 %.
    Жүлделі орындар саны бойынша ең жоғары нәтиже Денисов ауданы – 44 қатысушыдан 7 жүлдегер: 2 - бірінші орын, және 5 - үшінші орын (сапа % – 15,9%); 177 қатысушыдан 26 жүлделі орын Қостанай ауданының оқушыларында: 3 - бірінші орын, 8 - екінші және 15 - үшінші орын (сапа % – 14,7%); Рудный қаласы - 380 қатысушыдан 55 жүлделі орын: 5 - бірінші орын, 18 - екінші және 32 үшінші орын (сапа % – 14,5 %). 29 қатысушыдан 4 жүлделі орын дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернатының оқушыларында: 4 - үшінші орын (сапа % – 13,8%); 268 қатысушыдан 38 жүлделі орын Жітіқара ауданының оқушыларында: 6 - бірінші орын, 5 - екінші және 27 - үшінші орын (сапа % – 14,2%). Бұл аймақтардың да нәтижесі жаман емес.
    Осы жылы байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар алған ең жоғары ұпай саны 60 болды.  
   Халықаралық, республикалық интеллектуалдық ойындар конкурсында үздік нәтижеге жеткен оқушылар Алматы қаласындағы «Тау күні» мәдени-танымдық ауысымына жолдамалармен марапатталды: Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Еркебұланов Алтынбек; Әулиекөл ауданы Новонежин орта мектебінің 8 сынып оқушысы Искаков Марат; Әулиекөл ауданы С. Баймағамбетов атындағы гимназиясының 7 сынып оқушысы Нигматов Эльдар; Жітіқара ауданы Степная орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жабулова Алина; Қарабалық ауданы Станционная орта мектебінің 8 сынып оқушысы Цветкова Надежда; Федоров ауданы Баннов орта мектебінің 7 сынып оқушысы Федоренко Дарья; Таран ауданы Валерьян орта мектебінің 7 сынып оқушысы Бекенова Дана; Қарасу ауданы Люблин орта мектебінің 7 сынып оқушысы Гейко Артем; Сарыкөл ауданы Чехов орта мектебінің 8 сынып оқушысы Дукеева Дариға; Денисов ауданы Қырым орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тауканов Аян.  
    Сонымен қатар «Кенгуру-математика бәріне» халықаралық байқауының нәтижесі бойынша жоғары ұпай санын жинаған жүлдегер ретінде Әулиекөл ауданы Тимофеев орта мектебінің 8 сынып оқушысы Тарасов Денис Санкт-Петербург қаласына халықаралық мәдени-танымдық ауысымға жолдамамен марапатталды.  
    Жыл сайын халықаралық лагерлерге «Кенгуру-математика бәріне» интеллектуалдық ойынында үздік нәтиже көрсеткен жоғарғы сынып оқушыларына жолдама беріледі. Биылғы оқу жылында жолдамалармен Қарабалық ауданы №2 А. Құнанбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қапышев Бағадат және «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 10 ынып оқушысы Есмакова Назерке марапатталды.  
    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылғы 31 қаңтарда орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тілі бойынша «Атамекен» облыстық интеллектуалдық - танымдық ойыны өтті.
   Ойын мақсаты: кіші мектеп жасындағы балалардың қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттыру және танымдық белсенділігін дамыту; ингвоқабілетті балаларды анықтау және оларға алдағы уақытта қолдау көрсету.
   Бұл тек бастауыш сынып оқушыларына ғана арналған алғашқы ойын болғандықтан, балалармен қоса мұғалімдер жағынан да үлкен қызығушылық байқалды. Ойынға қатысуға Қостанай облысының 217 мектептерінен 2 442 оқушы өтініш білдірді. Ойынға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 1-4 сыныптарынан 2 415 оқушы қатысты. Әулиекөл, Қарабалық, Ұзынкөл, Науырзым аудандарының және Арқалық қаласының оқушылары қатысқан жоқ.  Қостанай қ. (535 қатысушы), Рудный қ. (328), Жітіқара ауданы (262), Қостанай ауданы (241) Қарасу ауданының (238) оқушылары жақсы белсенділік танытты.  Ойын танымдық болғандықтан тапсырмаларға Қазақстан Республикасының қалалары, өзен және көлдері, көрнекті орындары, мерекелері туралы сұрақтар енгізілді. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай берілді.  Ойын қорытындысы бойынша қазылар алқасы 59-60 ұпай санын жинаған, бұл оқушылардың жалпы санынан 11,6% құрайтын 280 жеңімпаздарды анықтады. Сонымен қатар 424 қатысушы 58 ұпай жинады (17,5%). Сөйтіп талдау көрсеткіші бойынша 704 қатысушы тапсырмаларды 97%-дан 100 %-ға дейін орындады.  
     Сонымен қатар кейбір кемшіліктерді айта кету қажет. Қайсібір жағдайларда көп тапсырмаларды қатысушылар өздері орындамағаны, мұғалімнің көмегі бар екендігі көрінеді. Дұрыс және қате жауаптары бірдей көптеген жауап парақтары болды, бұл жауаптардың бір-бірінен көшірілгендігін көрсетеді.  
     Аталған ойын балаларға арналғандықтан, келесі ойындарды өткізгенде балалардың тапсырмаларды өздері орындағаны дұрыс. Ойынға балалар өз еріктері бойынша қатысуға тиісті. Ұйымдастырушылар тапсырмалардың 100%-ға орындалуын талап етпейді. Ойынды ұйымдастырудағы қойылған негізгі мақсат: бастауыш мектеп жасындағы балалардың қазақ тілін үйренуге танымдық қызығушылығын арттыру, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетін, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін және құрметін арттыру. Қатысушылар берілген сұрақтардың жауабын білу міндетті емес, тапсырмалар балалардың жалпы ой-өрісін кеңейтуге, білімдерін толықтыруға есептелген.  
    Республикалық және халықаралық интеллектуалдық ойындардың қорытынды сараптамасы бойынша осы оқу жылында «Русский медвежонок-тіл-білімі бәріне» және «Кенгуру-лингвист» ойындарына қатысудың оң динамикасы байқалды. «Кенгуру-математика – бәріне» конкурсында қатысушылар саны бұрынғы нәтижеде қалған. «Ақ бота», «British Bulldog» және «Золотое руно» ойын-конкурстарында осы жылы қатысушылар саны біраз азайғаны көрінеді.  
    Қорытындылай келе, интеллектуалдық ойын, конкурстарға оқушылардың оқу-үлгіріміне қарамай барлық тілеушілер қатысулары керек. Сол сияқты оқушыларды ойынға қатыстыру үшін оларды мәжбүрлеудің еш қажеттілігі жоқ. Барлық интеллектуалды ойындарда, конкурстарда қатысуы ерікті болып табылады. Оқушыларды белсенді қатысуға тарту үшін үйлестірушілер оқушылармен әңгіме өткізіп, түсінік берулері қажет.  
    Халықаралық, республикалық интеллектуалдық конкурстарының жүлдегерлері жыл сайын Қазақстан бойынша және шет елдерге мәдени-танымдық ауысымдарына, сауықтыру лагерлеріне жолдамалармен марапатталады. Ойындардың жүлдегерлері үшін мәдени-танымдық ауысымдар жүйелі түрде оқушылардың қысқы және жазғы демалыстар кезіңде ұйымдастырылып, өткізіледі.  Лагерлерге жолдамалармен марапаттау, сыйлықтар, дипломдар – осының барлығы балаларды зияткерлік ойындарда қатысуға ынталандырады, қосымша біліммен, ақыл-ойларын жаттықтырумен қоса, балалар жақсы, пайдалы демалады.  
    Жоғарыда айтылғандар негізінде зияткерлік ойын-конкурстардың қалалық және аудандық үйлестірушілеір келесіге назар аудару қажет:
1. Конкурстың нұсқаулығымен назар салып таныссын;
2. Қатысуға өтінімдерді өз уақытында жіберсін;
3. Бланк қағаздардың дұрыс толтырылуын мұқият тексерсін;
4. Конкурс аяқталғаннан кейін мәліметтерді өз уақытында және дұрыс тапсырсын;
5. Конверттер мен қағаз бланкыларын талап бойынша ресімдесін;  
Аудандар мен қалалар әкімдіктері білім бөлімдерінің бастықтарына:
- зияткерлік ойындармен айналысатын әдіскерлерге ойындарды ұйымдастыру және өткізу барсында жан-жақты көмек көрсетулері қажет;
- оқушылардың зияткерлік дарындылығын дамыту үшін қосымша шаралар қолдану және олардың мүмкіншіліктерін іске асыру үшін жан-жақты көмек көрсетулері қажет.  

Анализ интеллектуальной деятельности школьников Костанайской области за 2012-2013 учбный год 

    В последнее десятилетие в нашей культуре сформировалось вполне самостоятельное явление, получившее название «Интеллектуальные игры». Они дают возможность раскрыться наиболее талантливым, эрудированным ребятам, тем, для кого знания, наука, творчество имеют первостепенное значение. Причем в отличие от предметных олимпиад, научных соревнований, разнообразных факультативов позволяют превратить серьезную интеллектуальную деятельность в яркое зрелище, в увлекательное состязание. Именно поэтому в интеллектуальные игры с интересом играют не только младшие школьники, но и подростки, старшеклассники, студенты.
    Игры являются одним из способов целенаправленного формирования личности. Активное участие в освоении предметного мира и мира человеческих отношений способствует развитию творческих возможностей детей.
    Интеллектуальные игры, конкурсы помогают скрасить досуг, развить умственные способности, расширить словарный запас, улучшить память, стать более внимательным, сообразительным, учат любить и чувствовать слово, пробуждают способность к сочинительству, развивают фантазию.  
   Согласно плану работы республиканского научно-практического центра «Дарын» ежегодно проводится ряд международных, республиканских интеллектуальных игр, конкурсов. В течение 2012-2013 учебного года проведены следующие: республиканский интеллектуальный марафон «Ақ бота», международный интеллектуальный конкурс «Русский медвежонок-языкознание для всех», международная интеллектуальная игра-конкурс «Золотое руно», международный конкурс «Британский бульдог» и международный интеллектуальный конкурс «Кенгуру-математика для всех», республиканский конкурс «Кенгуру-лингвист».  
     Также в 2012-13 учебном году РНПЦ «Қостанай дарыны» была впервые организована и проведена областная интеллектуально-познавательная игра «Атамекен».  
В начале учебного года традиционно стартует республиканский интеллектуальный марафон «Ақ бота» среди учащихся 3-10 классов по следующим предметам:  3-4 классы - казахский язык (русский язык), математика, естествознание;  5-8 классы - казахский язык (русский язык), математика, биология; 9-10 классы - казахский язык (русский язык), математика, физика, химия.  
     В этом году марафон состоялся 30 октября 2012 года. Для участия в марафоне подали заявки 8 584 (в 2011 году – 10 490 из 356 школ) учащихся из 380 общеобразовательных школ Костанайской области. В игре не участвовали учащиеся Денисовского района, школы-интерната для одаренных детей «Озат» и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей. В этом учебном году количество участников заметно снизилось (на 1 982 человека), что составляет около 19 %. По сравнению с прошлым годом результативность участия повысилась и составила в текущем году 12 % - 1018 призеров, (в 2011 году – 11 % - 1150 призеров).  Как и предыдущие годы активное участие в данной интеллектуальной игре принимают учащиеся школ г. Костаная (1 648), г. Рудного (952), г. Аркалыка (498), Костанайского (686), Житикаринского (626), Ауликольского (587 человек), Карабалыкского (478) районов.  
     Из 20 регионов и специализированных учреждений образования, низкий уровень результативности показали учащиеся школ Жангельдинского района - 0,6 %, Алтынсаринского района - 3,6%. Высокую результативность участия показали учащиеся Житикаринского района – 149 призеров из 626 участников (23,8 %), Камыстинского района – 78 призеров из 243 участников (32,1 %), г. Костаная – 292 призера из 1 648 (17,7%), Аманкельдинского района - 31 призеров из 181 (10,9 %) участника.  
     По итогам интеллектуального марафона призеры награждены дипломами.  
     Ежегодно во время зимних и летних каникул Республиканский научно-практический центр «Дарын» организует культурно-познавательные смены для призеров интеллектуальных игр, конкурсов.  В 2012-2013 учебном году учащиеся 7-8 классов, набравшие максимальное количество баллов по итогам марафона Ақ бота-2012, были награждены путевками в культурно-познавательную смену в г. Алматы: Дубогрей Максим, учащийся 7 класса средней школы №7 г. Костаная; Курышкина Екатерина, учащаяся 8 класса средней школы №13 г. Костаная; Рахимова Альфия, учащаяся 8 класса гимназии Житикаринского района; Палий Екатерина, учащаяся 8 класса средней школы №12 Житикаринского района; Печерная Мария, учащийся 8 класса средней школы №3 г. Рудного; Смирнова Ангелина, учащаяся 7 класса Красносельской средней школы Мендыкаринского района; Шнарбаева Гаухар, учащаяся 8 класса средней школы №3 Житикаринского района; Пак Алексей, учащийся 7 класса средней школы №7 г. Костаная.
     Вместе с тем, хочется отметить, что участниками и координаторами допускаются множество ошибок при заполнении и сдаче материалов игры (несвоевременное подача заявок на участие; по заполнению бланков: указание 8-и значного кода школ, класса, ф.и. участника, языка обучения; по оформлению конвертов: отсутствие наклеек с указанием школ, кодов, количества участников по классам; несвоевременное предоставление списков участников в электронном варианте).  
    15 ноября 2012 года в рамках образовательного и культурного сотрудничества Казахстана с Россией, с целью привития интереса к русскому языку и науке о нем, выявления детей, одаренных в области языкознания, по инициативе РНПЦ «Дарын» в Республике Казахстан прошла международная игра-конкурс «Русский медвежонок – языкознание для всех». Игра проходит по пяти возрастным группам: 2-3, 4-5, 6-7, 8-9, 10-11 классы. Каждой возрастной группе был предложен свой вариант заданий по русскому языку и лингвистике.
     В Костанайской области приняло участие 5 075 школьников 2-11 классов из 313 школ области, тогда как в прошлом году участвовало 4 522 школьника из 281 школы. В этом году виден рост числа участников на 553 человека. Данный игровой конкурс пользуется популярностью среди учащихся и учителей, так как задания выполенены качественно, охватывают школьную программу по русскому языку, также способствуют углублению знаний по языкознанию и литературе. Необходимо отметить регионы, где наблюдается наибольшее количество участников: город Костанай (1026), город Рудный (663), Житикаринский район (503), Карабалыкский район (363), Аулиекольский район (313).  
     В конкурсе не участвовали учащиеся Жангельдинского района и школы-интерната для одаренных детей «Озат».
     По результатам конкурса по области определено 569 призеров, результативность составляет – 11,2% (678 призеров – 15,2% - в 2011 г). Наиболее высокий показатель по результатам конкурса имеют участники казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей: 7 призеров из 28 участников (25%), школы-интерната для одаренных детей имени Ы. Алтынсарина – 14 из 62 (22,6%), Алтынсаринского района - 3 призера из 19 участников (15,8%), Аулиекольского района - 46 призеров из 313 участников (14,7%), Житикаринского района - 74 из 503 (14,7%), города Костаная – 134 из 1026 (13,1%). Участники получили сертификаты, а призеры награждены дипломами международной игры-конкурса «Русский медвежонок - языкознание для всех».  
     Республиканский научно-практический центр «Дарын» совместно с Институтом продуктивного обучения Российской Академии образования и British Institutes с целью развития интереса к английскому языку, выявления детей, одаренных в области лингвистики 19 декабря 2012 года провел конкурс «British Bulldog» для учащихся 3-11 классов. В конкурсе приняли участие 1 766 (в прошлом учебном году - 2 279 из 128 школ) учащихся из 196 школ области. Школьники нашей области активно участвуют в конкурсе «British Bulldog». Это связано с популярностью английского языка как во всем мире, так и у нас в стране. Немаловажное значение имеет также хорошее качество заданий: красочные, интересные, способствующие не только закреплению знаний, но и повышению кругозора, общих познаний о стране изучаемого языка. В этом году в участии в игре охвачены 16 регионов, в прошлом году участие принимали ребята из 13 регионов.  
    По итогам конкурса определено 194 (в прошлом учебном году – 232) призера. По сравнению с другими регионами хорошую результативность показали участники следующих районов, городов: города Костаная – 91 призер из 404 участников (22,5%), города Рудного – 43 призера из 236 участников (18,2 %), Узункольского района – 16 призеров из 74 участников (21,6 %). Все участники получили сертификаты. Призеры награждены дипломами международного конкурса «British Bulldog».  
    Издавна математика считается царицей наук. Это подтверждает большой интерес детей и педагогов к международной математической игре-конкурсу «Кенгуру-математика для всех». Цель игры: углубление знаний школьников по математике, развитие интереса к изучаемому предмету, выявление одаренных детей среди школьников 3-10 классов. В этом году конкурс состоялся 19 марта 2013 года, в нем приняли участие 3 439 учащихся 3-10 классов 275 школ Костанайской области (в 2012 году – 3 623 учащийся из 280 школ).  
    Для повышения интереса учащихся к изучению иностранных языков, 10 мая 2013 года состоялась международная игра «Кенгуру-лингвист» (по английскому и немецкому языкам), в котором участвовало 1 590 учащихся 3-11 классов (1 346 участников из 111 школ - в 2012 году) из 126 школ области. Как видим из показателей, количество участников в игре возросло на 244 человека. Из года в год этот показатель повышается, несмотря на то, что конкурс проводится в конце учебного года.
    Эффективную работу по привлечению школьников к участию в конкурсах «Кенгуру-математика – для всех» и «Кенгуру-лингвист» провели отделы образования города Костаная (699 - математика, 278 - иностранные языки), города Рудного (325 - математика, 234 - иностранные языки), Житикаринского района (по математике - 305, по иностранным языкам - 172). В математическом конкурсе не приняли участие школьники Аманкельдинского, Жангельдинского, Сарыкольского, Федоровского районов и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей.  
    В конкурсе «Кенгуру-лингвист» не участвовали ребята из Алтынсаринского, Аманкельдинского, Жангельдинского, Наурзумского районов.  
    Призерами математического конкурса стали 359 учащихся (в 2012 году - 360). І место по области заняли 55 человек (в 2012 г. - 60 победителей), II место заняли 89 человек (в 2012 г. - 143), III место – 215 человек (в 2012 г. - 157). Победителями языкового конкурса стали 169 учащихся (в 2012 году - 141): 119 первых мест, 12 вторых мест, 38 третьих мест. Результаты прошлого года: 13 первых мест, 40 вторых мест, 88 третьих мест. Что касается результативности, как показывает анализ в конкурсе «Кенгуру-математика» результативность участия в этом учебном году повысилась и составила 10,4 %, а в игре «Кенгуру-лингвист» показатели качества участия остались на прежнем уровне (2012 г. – 10,5 %, 2013 г. – 10,6 %).
    Хорошие результаты в интеллектуальной игре «Кенгуру-математика» показали участники из Житикаринского района – 87 призеров из 305 участников (% качества -28,5%), %, города Костаная – 156 призеров из 699 участников (% качества – 22,3%), школы-интерната для одаренных детей имени Ы. Алтынсарина – 4 призера из 30 участников (% качества – 13,3%), Аулиекольского района – 32 призера из 271 участника (% качества - 11,8%). Не заняли призовых мест участники конкурса из Наурзумского, Алтынсаринского районов.  
    В игровом конкурсе «Кенгуру-лингвист» лучший результат по количеству призовых мест уже третий год занимают учащиеся школы-интерната для одаренных детей имени Ы. Алтынсарина – 10 призеров из 29 участников (% качества – 34,5%); Хорошие показатели у учащихся Мендыкаринского района – 14 призеров из 58 участников (% качества – 24,1%), города Костаная - 61 призер из 278 участников (% качества - 21,9%), Сарыкольского района – 7 призеров из 43 участников (% качества – 16,3%), города Рудного - 31 призер из 234 участников (% качества - 13,2%).
    В рамках укрепления образовательного сотрудничества Казахстана с Россией, а также в целях активизации исследовательской деятельности, развития умений по поиску и анализу информаций республиканский научно-практический центр «Дарын» совместно с Российской Академией образования провел 15-18 февраля 2013 года среди организаций образования республики Международный игровой конкурс «Золотое руно». В конкурсе приняли участие 2 751 учащихся (в 2012 году – 4 395 учащихся) 3-11-х классов из 241 общеобразовательных и специализированных учреждений образования.  
    Данный конкурс привлекал огромный интерес учащихся, родителей, педагогов и являлся одним из стабильных по участию конкурсов. Однако в 2012-2013 учебном году количество участников снизилось на 1 644 участника.  В конкурсе приняли участие школьники из 19 регионов области и образовательных учреждений для одаренных детей. Не приняли участие в конкурсе учащиеся Аманкельдинского, Жангельдинского районов, казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей, школы-интерната для одаренных детей «Озат». Наибольшее количество учащихся приняло участие из города Рудного – 380 (в 2012 г. – 660 человек), города Костаная – 377 (в 2012 г. - 391), Житикаринского района – 268 (в 2012 г. - 573 человек), Карабалыкского района - 208 (в 2012 г. – 454 человек).  
    По сравнению с прошлым годом, количество призеров конкурса как и число участников также снизилось 311 - призеров, в 2012 году – 449 призеров. В этом году победителями стали 40 учащихся, ІІ место заняли 78 учащихся и ІІІ место – 193 участника. Качество участия возросло на 0,9 % - 11,3 %, 10,4 % в 2012 г.  
     Наилучший результат по количеству призовых мест занимают учащиеся Денисовского района - 7 призеров из 44 участников: 2 первых мест, 5 - третьих мест (% качества составил – 15,9 %); 26 призовых мест из 177 участников у Костанайского района: 3 первых мест, 8 вторых и 15 третьих (% качества – 14,7 %), города Рудного – 55 призеров из 380 участников: первых мест – 5, 18 вторых и 32 третьих мест (% качества составил – 14,5 %). Неплохие результаты показали учащиеся школы-интерната для одаренных детей им. Ы. Алтынсарина - 4 призовых мест из 29 участников: 4 третьих мест; у учащихся Житикаринского района 38 призовых мест из 268: 6 первых, 5 вторых и 27 третьих мест (% качества – 14,2 %).  
    Максимальный балл, который можно было набрать по итогам конкурса в этом году, составил 60 баллов.  
    Учащиеся, показавшие лучшие результаты по итогам международных, республиканских интеллектуальных игр, конкурсов награждены путевками в культурно-познавательную смену в лагерь «Тау күні» в г.Алматы: Еркебуланов Алтынбек, 8 класс, Узункольская средняя школа, Узункольский район; Цветкова Надежда, Станционная средняя школа, 8 класс, Карабалыкский район; Федоренко Дарья, 7 класс, Банновская средняя школа, Федоровский район; Бекенова Дана, 7 класс, Валерьяновская средняя школа, Тарановский район; Жабулова Алина, 8 класс, Степная средняя школа, Житикаринский район; Нигматов Эльдар, 7 класс, гимназия им. С. Баймагамбетова, Аулиекольский район; Гейко Артем, 7 класс, Люблинская СШ, Карасуский район; Дукеева Дарига, 8 класс, Чеховская СШ, Сарыкольский район; Искаков Марат, 8 класс, Новонежинская СШ, Аулиекольский район; Тауканов Аян, 8 класс, Крымская СШ, Денисовский район. Также путевку в культурно-познавательную смену в г.Санкт-Петербург выиграл Тарасов Денис, учащийся 8 класса Тимофеевской средней школы Аулиекольского района, как лучший участник интеллектуального конкурса «Кенгуру-математика для всех» среди учащихся среднего звена.  Ежегодно путевкой в международный лагерь награждаются учащиеся-старшеклассники, набравшие макимальное количество баллов в международном интеллектуальном конкурсе «Кенгуру-математика для всех». В этом году путевкой награждены Капышев Багдат, ученик 9 класса Карабалыкской средней школы №2 им. А. Кунанбаева Карабалыкского района и Есмакова Назерке, ученица 10 класса школы-интераната для одаренных детей «Озат».
      Согласно плану работы Регионального научно-практического центра «Қостанай дарыны» Управления образования акимата Костанайской области 31 января 2013 года впервые состоялась областная интеллектуально-познавательная игра по казахскому языку «Атамекен» для учащихся начальных классов общеобразовательных школ с русским языком обучения (далее - игра).  
     Цель игры: развитие познавательной активности и повышение интереса детей младшего школьного возраста к изучению казахского языка; выявление лингвоспособных детей и дальнейшая их поддержка.  
     Игра была предназначена только для учащихся начальных классов и этим самым вызвал большой интерес как со стороны ребят, так и учителей. Для участия в игре было заявлено 2 442 человека из 217 школ Костанайской области. Участвовало в игре 2415 учащихся 1-4 классов общеобразовательных школ области. Не участвовали в игре учащиеся Аулиекольского, Карабалыкского, Узункольского, Наурзумского районов и города Аркалыка.  
     Наибольшую активность проявили учащиеся из г. Костаная (538 участников), г. Рудного (328), Житикаринского района (262), Костанайского района (241), Карасуского района (238). Так как игра является познавательной, в задания были включены вопросы о городах, реках и озерах, достопримечательностях, праздниках Республики Казахстан.  
     По итогам игры жюри конкурса определило 280 победителей, набравших максимальное количество баллов — 59-60, что составляет 11,6 % от общего числа участников. Кроме этого 424 участника набрали 58 баллов (17,5%). Таким образом как показывает анализ, 704 участника выполнили задания от 97% до 100 %.  
     Всем участникам выданы серификаты, призеры игры награждены дипломами и призами.
     Вместе с тем следует отметить некоторые недостатки по итогам проведения игры «Атамекен». В частности многие задания выполнены не самими участниками, видна помощь учителя. Очень много бланков с одинаковыми верными и неверными ответами, что говорит о списывании ответов. Так как игра предназначена для учащихся, при проведении следующих игр ребята должны выполнять задания самостоятельно. Организаторами не требуется выполнение заданий на 100%. При проведении игры поставлена цель: повысить познавательный интерес детей младшего школьного возраста к казахскому языку и привитие любви и уважения к родному краю, традициям и культуре казахского народа. Участники не обязаны знать правильные ответы на те или иные вопросы, они рассчитаны на расширение кругозора, накопление знаний.
     Анализ итогов республиканских и международных интеллектуальных игр показал, что в этом учебном году наблюдалась положительная динамика участия в таких играх как «Русский медвежонок – языкознание для всех» и «Кенгуру-лингвист». В игре «Кенгуру-математика» число участников осталось на прежнем уровне. В конкурсах «British Bulldog» и «Золотое Руно» количество участников в этом году заметно сократилось.  
     В завершение необходимо заметить, что в интеллектуальных играх, конкурсах должны участвовать все желающие, не должно быть ограничений в связи с успеваемостью детей. Но в то же время нет необходимости заставлять детей участвовать в играх. Участие во всех интеллектуальных играх, конкурсах является добровольным. Координаторам игр необходимо проводить беседы, разъяснения для того, чтобы привлечь детей к активному участию в играх. Призеры международных, республиканских интеллектуальных конкурсов ежегодно награждаются путевками в культурно-познавательные смены, оздоровительные лагеря по Казахстану и за рубежом. Культурно-познавательные смены для призеров игр организуются и проводятся регулярно в период зимних и летних каникул учащихся.
     Награждение путевками в лагеря, ценные призы, дипломы – все это стимулирует детей к участию в интеллекуальных играх, помимо дополнительных знаний, тренировки ума, ребята получают хороший, полезный отдых.  
     На основании вышеизложенного районным и городским координаторам следует обратить внимание на следующее:  
1. Внимательно знакомиться с инструкциями конкурса;
2. Своевременно предоставлять заявки на участие;
3. Тщательно проверять правильность заполнения бланков;  
4. Своеврменно и правильно сдавать материалы конкурса по его завершению;
5. Оформлять конверты с бланками согласно требованиям.
Начальникам отделов образования акиматов районов, городов:  
- оказывать методистам, занимающимся интеллектуальными играми помощь при организации и проведении игр.
- принять дополнительные меры по созданию оптимальных условий для развития интеллектуальной одаренности среди учащихся, оказанию всестороннего содействия реализации их потенциальных возможностей. 
Наш официальный сайт

www.kostdaryn.kz  

План мероприятий РНПЦ "Костанай дарыны" на 2018 год

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Костанайского района

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по казахскому языку и литературе для учащихся 7-10 классов

подробнее

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Алтынсаринского и Сарыкольского районов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по географии для учащихся 7-10 классов

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Мендыкаринского и Узункольского районов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады Funny English для учащихся 2-4 классов

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по истории Казахстана для учащихся 7-10 классов

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Алиекольского, Карасуского и Нарузумского районов

РНПЦ "Костанай дарыны" 2006 © Все права защищены
ВебСтолица.РУ: создай свой бесплатный сайт!  | Пожаловаться  
Движок: Amiro CMS