АНОНС НОВОСТИ

 

 

Итоги научных соревнований 2009-2010 года

2009-2010 оқу жылындағы оқушылардың жалпыбілім пәндерінен ғылыми жарыстарының қорытындылары

Оқушылардың зерттеу қызметімен айналысатын мұғалімдер мен  әдіскерлердің кәсіби құзырлығы мен әдіскерлік шеберлігін жетілдіру, ғылыми жобалардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптармен таныстыру, ғылыми жобалардың жетекшілеріне презентация мен қорғау мәселелері жөнінде кеңес беру мақсатында 2009 жылғы 29 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты іргесінде оқушылардың зертттеу қызметімен айналысатын ғылыми жобалардың  жетекші-мұғалімдері мен  оқушылардың зерттеу қызметімен айналысатын аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-практикумы өтті. Барлығы 142 адам қатысты. Оқушыларды ғылыми жарыстарға сапалы дайындау мақсатында ғылыми жарыстарға қатысушылардың облыстық оқу-жаттығу жиыны өтіп, оған 117 адам қатысты. 

Республикалық жалпыбілім пәндерінен ғылыми жарыстар Бүкілдүниежүзілік ғылым және техника  көрмесі талаптары бойынша келесі бағыттар бойынша өткізілді: 

-         ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің басты құрамдас бөлігі; 

-         экономикалық және әлеуметтік үдерістерді математикалық құрастыру;

-         таза табиғат ортасы - «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асыру негізі;

-         Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен  болашақ  туристік сапарлар.

Әр жоба төмендегідей сатылар бойынша бағаланады:

-         шығармашылық қабілеті;

-         ғылыми ойлай білуі;

-         қолданылған зерттеу әдістерінің әсерлігі;

-         тақырыпты ашу деңгейі, егжей-текжейлігі;

-         шешендік шеберлігі, көрсету материалдарының сапалығы, нақтылығы;

-         команда мүшелерін үйлестіру деңгейі.

Биылғы оқу жылында оқушылардың ғылыми жарыстарына қатысу үшін  329 ғылыми жоба сұранысқа түсті. 2009 жылдың 16 қазанынан 01 желтоқсанына дейін Қостанай қаласының жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары оқушылардың ғылыми жобаларына пікір берді. Ұсынылған 231 жобаның ішінен 174 жоба – 75,3%  пікір беруден өтті. Былтырғы оқу жылында ұсынылған 223 жобаның ішінен 165-і – 74%  пікір беруден өткен еді.

Жұмыстарды облыстық жарыстарға өткізбеудің негізгі себебі – олардың мазмұны мен безендірілу сапасының төмендігі.  

Пікір беру жұмысына Алтынсарин ауданы білім бөлімі бір жоба ұсынды, Амангелді ауданынан 4–ден 4 жоба  ұсынылды, бұл 100 % құрайды, Әулиекөл ауданы – 13 жобадан 10 жоба (77%), Денисов ауданы 3-ден -1  (33%), Жангелдин ауданы 9-дан – 2 (22%), Жітіқара ауданы 15-тен -14 (93%), Қамысты ауданы жалғыз жұмыс ұсынды, Қарабалық ауданы  18-ден – 5 (28%), Қарасу ауданы 8-ден – 7 (88%), Қостанай ауданы  14-тен – 13 (93%), Меңдіқара ауданы 10-нан  – 7 (70%), Сарыкөл ауданы 4-тен – 3 (75%), Таран ауданы 3-тен – 3 (100%),Ұзынкөл ауданы 5-ден – 4 (80%), Федоров ауданы 9-дан – 8 (89%), Арқалық қаласы 6-дан – 6 (100%), Қостанай қаласы 32-ден – 26 (82%), Лисаков қаласы 35-тен – 32 (91%), Рудный қаласы  64-тен – 31 (48%). «Озат» дарынды балаларға арналған мамандандарылған мектеп-интернаты тіркелген 29 жобадан пікір беруге 26 жоба ұсынды (90%),  дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты 24 жобадан  13 жоба ұсынды (54%), ), дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты 21-ден -14 жоба (67%) ұсынды.

Пікір беру қорытындысы бойынша оқушылардың жалпыбілім пәндерінен Республикалық жарыстарының ІІ (облыстық) кезеңіне Алтынсарин, Денисов, Жангелдин, Қамысты, Таран аудандарынан 1 жобадан, Қарабалық, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарынан 2 жобадан, Амангелді, Қарасу аудандарынан 3 жобадан, Арқалық қаласынан 4 жоба, Меңдіқара ауданынан 5 жоба, Федоров ауданынан 6 жоба, Әулиекөл,  Қостанай аудандары,  дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатынан 6 жобадан және 11 жоба дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатынан, 14 жоба Жітіқара ауданынан, Лисаков қаласы мен «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан 20 жобадан, Қостанай және Рудный қалаларынан 25 жоба өтті.  

Наурзым ауданы әкімдігінің білім бөлімі сұранысқа түскен жобаны ұсынған жоқ.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 11 қарашадағы №513 бұйрығына және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы №765 бұйрығы негізінде, оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметке ынталандыру, талантты, дарынды балаларды қолдау  мақсатында 2009 жылдың 25-29 желтоқсанында Қостанай қаласындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты іргесінде «Қазақстан-2030» стратегиясы аясында Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы» атты  тақырып бойынша оқушылардың республикалық жалпыбілім пәндерінен ғылыми жарыстардың ІІ (облыстық) және ІІІ (тестілеу) кезеңдері өтті.

          Жарыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

-         оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметке ынталандыру;

- экономика, ғарыш туралы ғылым, басқару салаларындағы оқушылардың ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттарын, деңгейін және дамыту тенденциясын  айқындау;  

-    ең талантты және дарынды деген жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау;  

-    Қазақстан Республикасының интеллектуалды күшін қалыптастыруға ат салысу.  

Ғылыми жарыстар «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асыруда республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының үлгілері» тақырыбында, мына бағыттар бойынша өтті: ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі тірегі ретінде; экономикалық және әлеуметтік үдерістердің математикалық құрылымы; таза табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырудың негізі; Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен болашақтағы туристік жол бағыттары. 13 секция жұмыс істеді. 

«Математика және экономика» секциясында 15 ғылыми жоба қаралды: 12 жоба – математикадан, 3 – экономикадан. Көптеген жұмыстарда жаңа өзгерістер байқалған жоқ. Қазылар алқасы өз бетінше зерттелген жұмыстарға жақсы баға берді. Жаңа есептер ұсынған Қостанай қаласы оқушысының жобасы  бірінші орынға ие болды. Қазылар алқасы жас зерттеушілерге жұмыстарының соңғы бөлімінде қорытындылаумен қоса товар өндірушілерге ұсыныс-кеңестер беру керектігін айтты. 

«Физика. Техника. Жер және ғарыш туралы ғылымдар» секциясында 14 ғылыми жоба қаралды: 10 жоба – физикадан, 3 - Жер және ғарыш туралы ғылымдар бойынша, 1 – техникадан. Қазақ-түрік лицей-интернатының командалық жобасы рефераттық түрде орындалған. Қазылар алқасы Жер және ғарыш туралы ғылымдар секциясына қатысқан оқушылардың жұмысына жақсы баға берді. Техникадан ұсынылған жалғыз жобаның тәжірибелік бөлімі болған жоқ, сонымен қатар автордың шешендік, сөйлеу қабілеттері төмен болғандықтан, бұл секцияда  жүлделі орын берілген жоқ. 

 «Информатика» секциясына оқушылардың 10 ғылыми жобасы ұсынылды. Қазылар алқасы Қостанай қаласы, Қостанай  ауданы,  «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интеранаты оқушылары ұсынған жұмыстардың жоғары деңгейін атап өтті. Меңдіқара, Ұзынкөл аудандарының оқушылар жобаларының деңгейі төмен болды. 

 «Химия» секциясына ұсынылған жұмыстардың көбісі қоршаған ортаның химиялық көрсеткіштері және олардың әр түрлі факторлар ықпалы арқылы дамуы туралы тақырып бойынша зерттеулер жасаған. Секцияға қатысқан 13 жоба қазіргі уақытта өзекті және олардың практикалық бағыты бар. Бірінші орынды дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты оқушыларының жобасы иеленді. Бұл жұмыста теориялық негіздемемен қоса, практикалық бөлімі және тәжірибе нәтижесін статистикалық өңдеу де  көрсетілген. Жоба авторлары зерттеу саласынан хабардар, таңдалған тақырыптың мәселелерін жақсы түсінеді. 

      «Биология» секциясында  9 ғылыми  жоба  қаралды. Жобаларда зерттелген мәселелер өзекті болып табылады. Барлығында дерлік сызбалар, диаграммалар, слайдтармен толықтырылған  тәжірибелік зерттеулер бар. Жарысқа қатысушылар тақырыпты жақсы біледі, шешендік қабілеттері бар, терминологияны еркін қолданады. Командалық жобаларды қорғауда команда мүшелрінің міндеттері дұрыс бөлінген. 

       12 ғылыми жоба «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» секциясына ұсынылды. Көптеген жұмыстардың кемшілігі - жобаның тәжірибелік бөліміне уақыт аз бөлінген. Жобалардың мақсат-міндеттері мен қорытындысы сәйкес келмейді.  Әулиекөл, Жітіқара, Федоров аудандары, Қостанай,  Лисаков, Рудный қалалары, дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты, қазақ-түрік лицей-интернатының 11 сынып  оқушыларының көптеген жұмыстары рефератты түрде жазылған. Жұмыстардың қайсы бірі дұрыс толтырылмаған, толтыруға қойылған талаптар орындалмаған. 

         «Тарих» секциясына 19 ғылыми жоба қатысты. Бірнеше жұмыс өлкетану саласына жақынырақ болды. Жобаны толтыруда грамматикалық, стилистикалық, дөрекі қателер жіберілген. Жобаларда қолданылған архивтік деректер презентацияларда ғана көрсетіліп, тізімдерде, мазмұнында көрсетілмеген.  

          «Этномәдениеттану» секциясына қатысқан 11 ғылыми жоба қойылған талаптарға сай келді.  Тақырыбы «Қазақ әдебиеті» секциясына жататын   жобалар  болды. Қазылар алқасы Амангелді ауданы мен Рудный қаласы оқушыларының жұмыстарын ерекше атап өтті. Аталған жұмыстар мазмұнының тереңдігі және зерттеу бағытымен ерекшеленді.

«Өлкетану» секциясына 17 жоба ұсынылды. Олардың кейбіреуі әңгімелеу түрінде жазылған, ғылыми-анықтама аппараты жоқ,  мәселе алға шығарылмаған. Қазылар алқасы кейбір жұмыс жосарының дұрыс жасалмағанын, мақсаты анық қойылмағанын байқады.  

        «Қазақ әдебиеті» секциясына 7 жоба, «Орыс әдебиеті» секциясына  15 жоба қатысты. Бұл жобалар жоғары деңгейімен ерекшеленді. Қайсы бір жобалар социологиялық, культурологиялық бағытта жазылған. Бір қатар жобалардың кемшілігі – теориялық бөлімінің аз талдануы, қорытындылаудың анық көрсетілмегені, библиографияның толық жазылмағаны.

          «Қазақ тілі» секциясында 6 жоба, «Орыс тілі» секциясында – 14 жоба қорғалды. Жүлдегерлер жобалары өзектілігімен, жаңашылдығымен ерекшеленді. Қойылған талаптарға  дарынды балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты оқушысының жобасы сәйкес келмеді. Әулиекөл ауданы Съянов атындағы Новонежин орта мектебі, Қостанай қ. №23 орта мектебі оқушыларының жұмыстарының сапасы төмен деп бағаланды.

          «Шетел тілдері» секциясына 11 ғылыми жоба қатысты. Оның 2-і -ағылшын тілінде, ал қалғандары – орыс тілінде. Оқушылар зерттеу деректерін білетіндерін көрсетті, қойылған сұрақтарға дәлелді жауаптар берді. Жобаларды қорғау барысында көрсету құралдары қолданылды.

Облыстық ғылыми жарыстың жүлдегерлері болып 108 оқушы-автордың 90 ғылыми жобасы аталды. Оның ішіндегі 25 жоба мемлекеттік тілде, 18 жоба командалық болды. Ең көп жүлделі орынға ие болған (13) Қостанай қаласының командасы, оның ішінде 3-бірінші орын, 4-екінші және 6-үшінші орын болды. Рудный қаласының оқушыларының 12 жобасы жүлделі орынға ие болды: 2- бірінші орын, 6-екінші, 4-үшінші орындар; Жітіқара қаласы: 1-бірінші, 3-екінші,4-үшінші; Лисаков қаласы: 3-екінші және 5-үшінші орындар. Арқалық қаласының оқушылары 3 жүлделі орынға ие болды: 2-бірінші, 1- екінші орындар. 

         «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары 11жүлделі орынға ие болды: 1 бірінші орын, 4 екінші орын және 6 үшінші орын; Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары -  9 жүлделі орын алды:  2 бірінші орын, 1 екінші, 6 үшінші орын; дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушылары 5 жүлделі орынды иеленді: 1 бірінші орын, 1 екінші, 3 үшінші.

         Ауыл мектептерінің қатысушыларынан жүлделі орындарға ие болған Алтынсарин (1 жүлделі орын), Амангелді (3), Әулиекөл (2), Жангелдин (1), Қамысты (1), Қарасу (2), Қостанай (5), Меңдіқара (1), Сарыкөл (1), Федоров (4) аудандарының оқушылары.

Денисов, Қарабалық, Ұзынкөл, Таран аудандары оқушыларының ғылыми жобалары бірде бір жүлделі орын алған жоқ, себебі жас зерттеушілер шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейін, ғылыми ойлауды, тақырыпты ашу дәрежесін, қолданылған танымдық әдістерінің әсерлігін көрсете алмады. Шешендік шеберлігі мен көрсетілген деректердің сапасы жеткіліксіз болды. 

2009 жылдың 26 желтоқсанында Республикалық ғылыми жарыстың III кезеңінің I туры өтті (жетекші пән бойынша тестілеу). 108 тестіленген оқушылардың ішінен (1-і қатысқан жоқ) 55 ғылыми жобаның 71 оқушы-авторлары, ол (66,3 %) құрайды, жетекші пән бойынша жалпы балл санының  50 % -нан жоғары балл жинады. Ең көп ұпай санын дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының оқушысы Абдуқадыров Нұрлан (математика) жинады. Тестілеу барысында оқушыларға күрделілігі жоғарғы деңгейдегі сұрақтарға жауап беру қиындықтар туғызды, себебі олар «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы шығарған жалпы білім беретін пәндерден Республикалық оқушылар жарысы бойынша тестік тапсырмалар жинағы бойынша дайындалмаған. 

ІІІ кезеңнің II турына (жобаның алдын ала сараптамасы) барлығы 120 балл ішінен 60 балдан жоғары алған 71 оқушының 55 жобасы жіберілді: 8 жобадан –Қостанай қаласы, Рудный қаласы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты,  5 жобадан – Жітіқара ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты, 4 жоба – Қостанай ауданы, 3 жоба – Лисаков қаласы, 2 жобадан – Арқалық қаласы мен Федоров ауданы, 1 жобадан – Амангелді, Әулиекөл, Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл аудандары.  

Сараптау жұмысының қорытындысы бойынша оқушылардың жалпыбілім пәндерінен Республикалық жарыстарының ІV кезеңіне 21 оқушы (17 ғылыми жоба) жіберілді: Қостанай  қаласынан – 5, Рудный қаласынан – 3, Арқалық қаласынан – 2, Жітіқара ауданынан – 2, Федоров ауданынан – 1 оқушы. Сонымен қатар бұл кезеңге дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары да қатысты: дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатынан 1 оқушы, дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернатынан 5 оқушы, «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан 2 оқушы.  

«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы мен Оңтүстік Орал мемлекеттік Университетінің (Ресей федерациясы, Челябі қ.) тығыз қарым-қатынасы нәтижесінде «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары 2010 жылдың 28-29 сәуірінде «ХХІ ғасырдың зияткерлері» атты жас зерттеушілердің VІ аймақаралық конференциясына қатысты. Төрт ғылыми жоба (5 автор) жүлделі орындарға ие болды.

 

Оқушының тегі, аты

секция

Жобаның тақырыбы

сынып

орын

1

Есмағамбетова  Айгүл 

Этномәдениеттану

"саукеле"лексемасының этимологиялық және әлеуметтік- лингвистикалық құбылыстары

10

1

2

Ырғыбаева Гүлсана

Зоология

Өрмекші тәріздестер (Arachnida) Қарасу ауданы, Қарасу ауылы

10

2

3

Бурлака Дмитрий, Шайманов Жанібек

Өндірістегі жаңа технологиялар

Жолдардың шұңқырын жөндеу

11

2

4

Махмутова Айжан

Орыс тілі

«Квас» және «қымыз» лексемаларын зерттеудегі мәдениеттану құбылысы

9

3

        Жоғарыда аталғандар негізінде, аудандық және қалалық әкімдіктері білім бөлімдерінің  бастықтары:

1)    оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастырудың әсерлі жүйесін жасасын;

2)    дарынды оқушылардың ғылыми жарыстарға дайындық сапасын көтерсін;

3)оқушылардың ғылыми жобаларының ғылыми-педагогикалық қолдау сапасын жетілдірсін.   

 

Итоги проведения научных соревнований школьников по общеобразовательным предметам в 2009-2010 учебном году

          С целью совершенствования профессиональной компетентности и методического мастерства учителей и методистов, курирующих исследовательскую деятельность учащихся, для ознакомления с основными требованиями к содержанию научных проектов, консультирования руководителей научных проектов по вопросам подготовки к презентации и защите 29 сентября 2009 года на базе Костанайского государственного педагогического института прошел областной семинар для руководителей научных проектов школьников по общеобразовательным предметам, и методистов отделов образования акиматов районов и городов. Всего присутствовало 142 человека. С целью качественной подготовки учащихся к научным соревнованиям прошел областной учебно-тренировочный сбор участников научных соревнований, на котором приняло участие 117 школьников области.         

Республиканские научные соревнования школьников проводятся в соответствии с требованиями Всемирной выставки науки и техники по следующим направлениям:

-          научно-технический прогресс – как ключевое звено экономического роста;

-        математическое моделирование экономических и социальных процессов;       

-         здоровая природная среда – основа реализации стратегии «Казахстан - 2030»;

-         исторические памятники Казахстана и перспективные туристические маршруты.

Каждый проект оценивается по следующим позициям:

-       творческая способность;

-       научное мышление;

-       эффективность использованных методов исследования;

-       степень раскрытия темы, доскональность;

-       ораторское мастерство, качество демонстрационного материала, ясность;

-       уровень координации членов команды.

В этом учебном году для участия в научных соревнованиях школьников было заявлено 329 научных проектов. С 16 ноября по 01 декабря 2009 года преподавателями ведущих вузов города Костаная проводилась процедура рецензирования научных проектов школьников. Из 231, предоставленного научного проекта, с положительным результатом прошли процедуру рецензирования 174, что составляет 75,3%. В прошлом учебном году из 223 заявленных проектов положительно прошли процедуру рецензирования 165 (74 %).

Основными причинами недопуска работ к защите на областных соревнованиях являются низкое качество содержания и оформления  научных проектов школьников.

На процедуру рецензирования отделами образования акиматов Алтынсаринского района представлен один проект, Амангельдинского района из 4 проектов представлено 4, что составляет 100 %, Аулиекольского района из 13 представлено 10 (77%), Денисовского района из 3 – 1 (33%), Жангельдинского из 9 – 2 (22%), Житикаринского района из 15-14 (93%), Камыстинского района – из 1 -1 (100%), Карабалыкского района из 18 – 5 (28%), Карасуского района из 8 - 7 (88%), Костанайского района из 14 – 13 (93%), Мендыкаринского района из 10 – 7 (70%), Сарыкольского района из 4 – 3 (75%), Тарановского района из 3 – 3 (100%), Узункольского района из 5 – 4 (80%), Федоровского района из 9 – 8 (89%), городов Аркалыка из 6 – 6 (100%), Костаная из 32 – 26 (82%), Лисаковска из 35 – 32 (91%), Рудного из 64 – 31 (48%). Школа-интернат для одаренных детей «Озат» из 29 заявленных проектов на процедуру рецензирования представила 26 проектов (90%), школа-интернат для одаренных детей имени И. Алтынсарина из 24 представила 13 проектов (54%), казахско-турецкий лицей-интернат для одаренных детей из 21 – 14 проектов (67%).  

По результатам рецензирования на II  (областной) этап Республиканских научных соревнованиях школьников по общеобразовательным предметам прошли по 1 проекту из Алтынсаринского, Денисовского, Жангельдинского, Камыстинского, Тарановского районов, по 2 проекта из Карабалыкского, Сарыкольского, Узункольского районов, по 3 проекта из Амангельдинского, Карасуского районов, 4 проекта из города Аркалыка, 5 проектов из Мендыкаринского района, 6 из Федоровского района, по 9 проектов из Аулиекольского, Костанайского районов и казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей, 11 проектов из школы-интерната для одаренных детей имени И. Алтынсарина, 14 проектов из Житикаринского района, по 20 проектов из города Лисаковска и школы-интерната для одаренных детей «Озат», по 25 проектов из городов Костаная и Рудного.

Не приняли участие в научных соревнованиях учащиеся Наурзумского района.

На основании приказа Министерства образования и науки Республики Казахстан № 513 от 11 ноября 2009 года, приказа Управления образования акимата Костанайской области № 765 от 14 декабря 2009 года в целях стимулирования научно-исследовательской и учебно-познавательной деятельности учащихся, отбора и поддержки наиболее талантливых и одаренных детей 25-26 декабря 2009 года в городе Костанай на базе Костанайского государственного педагогического института был проведен II (областной) этап и 1 тур ІІІ этапа Республиканских научных соревнований школьников по общеобразовательным предметам по теме «Модели экономического и социального развития Казахстана в свете стратегии «Казахстан-2030».

Основными целями и задачами научных соревнований являются:

-стимулирование научно-исследовательской и учебно-познавательной деятельности учащихся; 

-  выявление состояния, основных направлений, уровня и тенденции  развития научных изысканий учащихся в сфере экономики, науки о космосе, управления;

-    отбор и поддержка наиболее талантливых и одаренных юных исследователей;

-    содействие формированию интеллектуального потенциала Республики Казахстан.

   Республиканские научные соревнования школьников по общеобразовательным предметам проходят по теме: «Модели экономического и социально-культурного развития Казахстана в свете стратегии «Казахстан – 2030» по 4 направлениям: научно-технический прогресс – как ключевое звено экономического роста; математическое моделирование экономических и социальных процессов; здоровая природная среда – основа реализации стратегии «Казахстан – 2030»; исторические памятники Казахстана и перспективные туристические маршруты. На ІІ этапе республиканских соревнований школьников работало 13 секций.  

         На секции «Математика и экономика» было представлено 15 научных проектов: 12 по математике, 3 по экономике. Большинство работ по математике не отличались новизной.  Членами жюри при подведении итогов отдано предпочтение работам с наибольшей долей самостоятельного исследования. Первое место занял проект, автором которого были предложены новые задачи. Проекты по экономике носили последовательный характер. Жюри рекомендовало юным исследователям в заключительной части работ, кроме выводов, включать рекомендации товаропроизводителям.

         На секции «Физика. Техника. Науки о Земле и космосе» было представлено 14 научных проектов, из них 10 – по физике, 3 – по наукам о Земле и космосе,  1 – по технике. Командный проект учащихся казахско-турецкого лицея-интерната носил реферативный характер. Члены жюри отметили положительно выступления учащихся на секции наук о Земле и космосе.  Единственный проект по технике не имел экспериментальной части, автор не отличался хорошими ораторскими способностями, поэтому призовое место в секции не присуждалось.

         На секции «Информатика» были представлены 10 проектов школьников. Жюри отметило достаточно высокий уровень представленных работ учащихся города Костаная, Костанайского района, школы-интерната для одаренных детей «Озат». Низкий уровень работ наблюдался у учащихся Мендыкаринского и Узункольского районов.

         Предметом исследования большинства работ на секции «Химия» являлись химические показатели окружающей среды и их динамика под влиянием различных факторов. 13 проектов, представленных на секции, были актуальны и имели практическую направленность. Первое место занял проект, в котором содержались не только теоретическое обоснование и практическая часть, но и статистические обработки результатов эксперимента. Авторы хорошо владели информацией в области исследования, свободно ориентировались в проблемном поле выбранной темы.

         На секцию «Биология» было представлено 9 научных проектов. Проблемы, исследуемые в проектах, актуальны. Практически все проекты содержали экспериментальные исследования, подтвержденные таблицами, диаграммами, слайдами. Участники соревнований хорошо владели материалом, обладали ораторскими способностями, свободно ориентировались в теме и терминологии. При защите командных проектов были грамотно распределены обязанности каждого  участника команды.

         12 научных проектов были представлены для защиты в секции «Охрана окружающей среды  и здоровья человека». Недостатком большинства работ являлось то, что на экспериментальную часть у школьников отведено мало времени. В проектах цели и задачи ставились одни, а выводы делались другие. Значительный процент работ реферативного характера, причем это наблюдалось у учащихся 11 классов Аулиекольского, Житикаринского, Федоровского районов, городов Костаная, Лисаковска, Рудного, школы-интерната для одаренных детей имени И. Алтынсарина, казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей. Не все работы оформлены должным образом, много отступлений от требований, предъявляемых к оформлению научных проектов.

         На секции «История» было представлено 19 научных проектов. Несколько работ учащихся носило краеведческий характер. В оформлении проектов имелись грамматические, орфографические и грубые, порой некорректные, стилистические ошибки. Архивные материалы, используемые учащимися в работах, отражены только в презентациях, но не в списках, и содержании. Не все работы оформлены должным образом, много отступлений от требований, предъявляемых к оформлению научных проектов.

     11 научных проектов на секции «Этнокультуроведение» соответствовали требованиям к оформлению. Хотя были проекты по тематическому содержанию относящиеся к секции «Казахская литература». Жюри особо отметило работы учащихся школ Амангельдинского района и города Рудного. Эти работы отличались глубиной содержания и исследовательской направленностью.

         В секции «Краеведение» было представлено 17 проектов, некоторые из которых носили повествовательный характер, отсутствовали научно-справочный аппарат и не поставлены проблемы. Жюри обратило внимание на то, что планы работ не всегда корректны и продуманы, не во всех работах четко определены целевые установки.

         На секции «Казахская литература» было представлено 7 проектов, «Русская литература» - 15 проектов. Проекты отличались достаточно высоким уровнем разработанности. Некоторые проекты имели социологическую, культурологическую направленность, что затрудняло оценивание с позиции литературоведения. Единственным недостатком ряда проектов являлось мало разработанная теоретическая часть, нечеткость выводов и недостаточно продуманная библиография.

     На секции «Казахский язык» было представлено 6 проектов, «Русский язык» - 14 проектов. Работы призеров отличались актуальностью, новизной, самостоятельностью. Слабыми работами признаны работы учащихся Новонежинской средней школы им. Съянова Аулиекольского района и средней школы № 23 г. Костаная, в них недостаточна высока степень самостоятельности исследователей. Не отвечал предъявляемым требованиям проект учащегося школы-интерната для одаренных детей имени И. Алтынсарина.

        На секции «Иностранные языки» представлено 11 проектов, из них 2 на английском языке, остальные – на русском. Школьники демонстрировали уверенное владение материалом исследования, давали аргументированные ответы на задаваемые вопросы. Все проекты были представлены с опорой на наглядность.

         Призерами областных научных соревнований стали 108 учащихся-авторов 90 научных проектов. Из общего числа проектов 25 выполнены на государственном языке, 18 - командой. Наибольшее количество призовых мест (13) заняла команда города Костаная, из них 3 первых места, 4 вторых и 6 третьих. Учащиеся города Рудного заняли 12 призовых мест, из них 2 первых места, 6 вторых и 4 третьих. По 8 призовых мест заняли проекты учащихся города Житикары: 1 первое, 3 вторых, 4 третьих; города Лисаковска: 3 вторых и 5 третьих мест. У учащихся города Аркалыка 3 призовых места: 2 первых места, 1 второе.

         Учащиеся школы-интерната для одаренных детей «Озат» заняли 11 призовых мест, из них 1 первое место, 4 вторых и 6 третьих; школы-интерната для одаренных детей имени И. Алтынсарина -  9 призовых мест, из них 2 первых места, 1 второе, 6 третьих; казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей – 5 призовых мест, из них 1 первое место, 1 второе, 3 третьих.

      Из участников сельских школ призовые места заняли учащиеся Алтынсаринского (1 призовое место), Амангельдинского (3) Аулиекольского (2), Жангельдинского (1), Камыстинского (1), Карасуского (2), Костанайского (5), Мендыкаринского (1), Сарыкольского (1), Федоровского (4) районов.

       Ни одного призового места не заняли научные проекты школьников Денисовского, Карабалыкского, Тарановского, Узункольского районов, т.к. юные исследователи не смогли показать высокий уровень творческих способностей, научного мышления, недостаточны степень раскрытия темы, эффективность использованных методов познания. Невысокими были признаны ораторское мастерство участников и качество демонстрационного материала.

      26 декабря 2009 года прошел Ітур ІІІ этапа Республиканских научных соревнований (тестирование по профилирующему предмету). Из 108 тестировавшихся школьников 71 учащийся-автор 55 научных проектов (66,3%), набрали более 50 % баллов от общего количества баллов по профилирующему предмету. Наибольшее количество баллов (107) набрал учащийся казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей Абдукадыров Нурлан (математика). В ходе тестирования школьники испытывали затруднения при ответах на вопросы повышенного уровня сложности, так как не готовились по сборникам тестовых заданий по общеобразовательным предметам к Республиканским научным соревнованиям школьников, выпущенных Республиканским научно-практическим центром «Дарын». 

         Ко ІІ туру ІІІ этапа (предварительной экспертизе проектов) были допущены: по 8 проектов – город Костанай, город Рудный, школа-интернат для одаренных детей «Озат», по 5 проектов – Житикаринский район, школа-интернат для одаренных детей имени И. Алтынсарина и казахско-турецкий лицей-интернат для одаренных детей, 4 проекта – Костанайский район, 3 проекта – город Лисаковск, по 2 проекта – город Аркалык и Федоровский район, по 1 проекту – Амангельдинский, Аулиекольский, Карасуский, Мендыкаринский, Сарыкольский районы. 

      По итогам экспертизы на IVэтап республиканских научных соревнований школьников по общеобразовательным предметам допущен 21 школьник (17 научных проектов), из них из городов Костаная – 5 учащихся, Рудного – 3, Аркалыка – 2, из Житикаринского района – 2, Федоровского района – 1. Так же на данном этапе приняли участие учащиеся из специализированных школ для одаренных детей. Из школы-интерната для одаренных детей имени Ы. Алтынсарина – 5 учащихся, из школы-интерната для одаренных детей «Озат» - 2, из казахско-турецкого лицея-интерната для одаренных детей – 1.

         В результате тесного сотрудничества Регионального научно-практического центра «Костанай дарыны» и Южно-Уральского Государственного Университета (Российская Федерация, г. Челябинск) учащиеся областной школы-интерната для одаренных детей «Озат» 28-29 апреля 2010 года приняли участие в  VI межрегиональной конференции юных исследователей «Интеллектуалы XXI века». Четыре научных проекта (5 авторов) заняли призовые места.

п/п

Ф.И. учащегося

секция

Тема проекта

Класс

Место

1

Есмагамбетова Айгуль

Этнокультуроведение

Этимологические и социолингвистические аспекты лексемы "саукеле"

10

1

2

Иргибаева Гульсана

Зоология

Паукообразные (Arachnida) Карасуского района, села Карасу

10

2

3

Бурлака Дмитрий, Шайманов Жанибек

Новые технологии в производстве

Ямочный ремонт дорог в свете явления трения качения и упругого гистерезиса

11

2

4

Махмутова Айжан

Русский язык

Культурологический аспект в изучении лексем "квас" и "кумыс"

9

3

  Исходя из вышесказанного, начальникам отделов образования акиматов районов и городов необходимо:

1)разработать эффективную систему организации исследовательской деятельности учащихся;

2)повысить качество подготовки одаренных детей к научным соревнованиям школьников;

3) совершенствовать качество научно-педагогического сопровождения научных проектов учащихся.  

Наш официальный сайт

www.kostdaryn.kz  

План мероприятий РНПЦ "Костанай дарыны" на 2018 год

подробнее...

Итоги рейтинговой олимпиады по биологии для учащихся 9-10 классов Костанайского района

подробнее...

Итоги дистанционной олимпиады по казахскому языку и литературе для учащихся 7-10 классов

подробнее


РНПЦ "Костанай дарыны" 2006 © Все права защищены
ВебСтолица.РУ: создай свой бесплатный сайт!  | Пожаловаться  
Движок: Amiro CMS